Басты бет Оқыту Вторичное меню Библиотека Ғылыми метрикалық көрсеткіштер

Ғылыми метрикалық көрсеткіштер

Ғылыми метрикалық көрсеткіштер – авторлардың немесе ұйымдардың жарияланымдық белсенділігінің, журналдың ғылыми беделділігіне қарай жарияланымдары маңыздылығының индекстері. Бұл ғылыми көрсеткіштер авторлар мен ұйымдардың ғылыми-зерттеу қызметінің жай-күйі мен даму болашағын бағалау үшін, оларды әр түрлі рейтингтерде салыстыру және саралау үшін пайдаланылады.

Ғылыми метрикалық қорлар тарихы XIX ғасырдың 70-ші жылдарынан, ғылыми дәйексөз келтірудің екі индексі алғаш рет пайда болған кезден басталады, олар – 1873 жылы пайда болған Shepard’s Citations заң құжаттары индексі және 1879 жылдан 2004 жылға дейін қолданыста болған Index Medicus медицина бойынша ғылыми жарияланымдар индексі.

Бүгінгі таңда көптеген халықаралық дәйексөз жүйелері (библиографиялық қорлар) бар: Web of Science, Scopus, Astrophysics, PubMed, Mathematics, Chemical Abstracts, Springer және т.б. Қолданыстағы халықаралық дәйексөз жүйелерінің ішінде индекстері бүкіл әлемде мойындалатын ең беделді болып Web of Science және Scopus жүйелері саналады. Бұл жүйелерге кірген журналдарды ресми түрде ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті мойындайды.

Web of Science – жетекші халықаралық жарияланымдар туралы ақпарат берілген ақпараттық-сараптамалық платформа. Оның тарихы ғылыми өлшем ілімінің іргетасын қалаушы Юджин Гарфилд басшылығымен Institute of Scientific Information (ISI) 1964 жылдан бері шығарып келген Science Citation Index ғылыми дәйексөз алу индексінен басталады.

2017 жылы Clarivate Analytics тәуелсіз компаниясы ISI дәстүрлерін жалғастырып, ғылыми-техникалық ақпараттың толық циклына арналған құралдарды жасауға кірісті. Web of Science Clarivate Analytics-тің басты ақпараттық платформаларының бірі болып қалып, әрі қарай дамуын жалғастыруда.

Web of Science Core Collection-ге кіретін дәйексөз алу индекстері:

•    Science Citation Index Expanded, мұрағаты 1975 жылдан бастап

•    Social Sciences Citation Index, мұрағаты 1975 жылдан бастап

•    Arts & Humanities Citation Index, мұрағаты 1975 жылдан бастап

•    Emerging Sources Citation Index, мұрағаты 2015 жылдан бастап

•    Conference Proceedings Citation Index, мұрағаты 1990 жылдан бастап

•    Book Citation Index, мұрағаты 2005 жылдан бастап.

Орыс тіліндегі ақпараттық порталы:

http://info.clarivate.com/rcis

Мұнда сіздер Clarivate Analitics өнімдері туралы толығырақ ақпарат алып, Web of Science платформаларымен жұмыс істеуді үйрететін бейнебаяндарды көріп, дәйексөз алу индекстері туралы және басқа да пайдалы ақпаратты біле аласыздар.

БД Web of science-қа (https://apps.webofknowledge.com) ұлттық жазылым бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында және әл-Фараби кітапхансында қол жеткізуге болады. Бұл платформаның мүмкіндіктерін біздің сайттан біле аласыз.

Scopus деректер қоры туралы біздің сайттан http://elibrary.kaznu.kz/ru/node/1466 сілтемесі бойынша өтіп, толығырақ білуге болады.

Ғылыми мақалалардың дәйексөз алу индексіжарияланымдар ішінде берілетін тізімдерде көрсетілген сілтемелерді индекстеп, бұл сілтемелердің сандық көрсеткіштерін ұсынатын ғылыми жарияланымдардың реферативтік дерек қоры.

Білуге қажет негізгі анықтамалар

Авторда дәйексөз алу индексі болмай, дәйексөз алу көрсеткіші болады.

Әрбір нақты ресурста дәйексөз индексін есептеу осы ресурста дәлме-дәл (ақпарат көздері) негізінде жүзеге асырылады, сондықтан сол автордың әртүрлі ресурстарға сілтемелері әр түрлі болуы мүмкін.

Импакт-фактор дегеніміз не?

Ғалымдар деңгейін бағалаудың екі стандартты тәсілі бар. Біріншісідәйексөз алу индексі және екіншісіимпакт-фактор.

Импакт-факторды 1960 жылдары Пенсильваниядағы (АҚШ) Ғылыми ақпарат институтының (Institute of Scientific Information, ISI) негізін қалаушы структуралық лингвист Юджин Гарфильд ұсынды. Бұл журналдағы мақалалардан дәйексөз алудың салыстырмалы көрсеткіші.

Импакт-фактор былай есептеледі: алдынғы екі жылда шыққан журнал мақалаларынан есептік жылда алынған дәйексөз алу санын осы мақалалардың жалпы санына бөледі. Басылымның шығатын нөмірлері неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым әрбір жеке дәйексөз келтірілуінің үлесі көбірек болады.

Импакт-фактор – ғылыми журналдардың маңызды сипаттамасы. Оны жыл сайын Ғылыми ақпарат институты (ISI) есептеп санайды. Журналдың импакт-факторы белгілі кезеңде (әдетте 3 жылда) осы журналдың мақалаларына жасалған сілтемелер санының журналда жарияланған мақалалар санының қатынасына тең.

Импакт-фактор журналдарда жарияланатын жұмыстардың өнімділігі және дәйексөзге келтірілуі арқылы, яғни журналдың ғылыми танымалдығы арқылы сапасын көрсетеді.

Импакт-фактор дәйексөз алынатын материалдардан:

•    мақалалардан;

•    сын-пікірлерден;

•    конференция материалдарынан;

•    техникалық ескертпелерден;

•    толықтырулардан құралады.

Импакт-факторды анықтау кезінде:

•    баспаның ескертпелері;

•    талқылаулар;

•    түсініктемелер;

•    жұмыстық кездесулер;

•    кітап шолулары;

•    жаңалықтар;

•    хаттар (мақала хаттардан басқасы) ескерілмейді.

Дәйексөз алу индексі (дәйексөз алудың жиынтық көлемі, Хирш индексі, т.б.).

аталған автордың жазған мақалалары басқа авторлардың жұмыстарында қанша рет дәйексөзге алынғанын көрсетеді.

Жаңалықтар

«Азаматтық құқықтық пәндер» кафедрасы бойынша

6B04206-«In-house заңгер» ; 6B04201-«Құқықтану»; 6В04204 – «Сот-құқық қорғау қызметі» ; 6В04205 – «Жасыл экономика құқығы екі шет тілін меңгерумен»; 6B04211 – «Әлеуметтік - құқықтық серіктестік»; білім беру бағдарламалары бойынша сабақ беретін «Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасына:

Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы келесі білім беру бағдарламалары бойынша 2022-2023 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының бос штаттық лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
05.05.2022 Толығырық...

Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы білім саласындағы 28 жылдық тарихында алғаш рет 2021 жылы бітірген түлектеріне өзіндік үлгідегі дипломдарын табыстады. Биыл академияны 836 білімалушылар тамамдады, оның ішінде 731 бакалавр академиялық дәрежесін иеленсе, 15 Құқық магистрі және 90 заң ғылымы магистрі атағын иеленді.

Өзіндік үлгідегі диплом
07.09.2021 Толығырық...

Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы білім саласындағы 28 жылдық тарихында алғаш рет 2021 жылы бітірген түлектеріне өзіндік үлгідегі дипломдарын табыстады. Биыл академияны 836 білімалушылар тамамдады, оның ішінде 731 бакалавр академиялық дәрежесін иеленсе, 105 ғылым магистрі атағын иеленді.
Академияның білім беру сапасы халықаралық және ұлттық аккредиттеу агенттіктерімен мойындалып, 2026 жылға дейін 5 жылға куәлік алды.
Жаңа үлгідегі өзіндік диплом ерекшелігі:
1. Жұмыс беруші ҚР БжҒ министрлігінде тіркелген өзіндік үлгідегі дипломның сериясын және нөмерін QR-код арқылы тексере алады. Әр дипломның БжҒ министрлігі жасаған бірегей сәйкестендіру нөмері ҰББД-да сақталады және белгілі бір білімалушыға байланыстырылған. Бұл кез-келген уақытта дипломның дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Деректердің қауіпсіздігі блокчейн технологиясы мен мәліметтерді шифрлау арқылы қамтамасыз етілген.
2. Диплом бланкісінде және оның қосымшасында аккредиттеу агенттіктерінің логотиптері басылған.

Өзіндік үлгідегі диплом
18.08.2021
Құрметті талапкерлер!
01.04.2021 Толығырық...
Онлайн дәріс «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар»
12.02.2021 Толығырық...
Құрметті әріптестер!
02.02.2021 Толығырық...
Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 109 жыл
12.01.2021 Толығырық...
«Үздік студент – 2020»
04.01.2021 Толығырық...
Студенттер "АНА" компаниясының бас директорымен онлайн кездесуі
04.01.2021 Толығырық...
Дөңгелек үстел: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту шаралары»
26.12.2020 Толығырық...
Электронды темекінің жалмаған жалыны
22.12.2020 Толығырық...
Хабарландыру: Құрметті әріптестер мен студенттер!
22.12.2020 Толығырық...
«Тұлғаның құқықтық мәртебесі» атты дөңгелек үстел
09.12.2020 Толығырық...
«Қашықтықтағы режимдегі оқыту орны» тақырыбы бойынша үздік фото байқауы
07.12.2020 Толығырық...
«Ауыл» партиясымен бірге «Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік бейімделуі» атты тақырыпта онлайн дөңгелек үстел өтті
27.11.2020 Толығырық...
9362190
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы күн
2028
732
48561
9263224
179537
60481
9362190

Сіздің IP: 3.148.216.27
Уақыт: 2025-04-24 21:21:35
Келушілер қарсы

Біздің серіктестер

  • 0010.png
  • 0011.png
  • 0012.png
  • 0013.png
  • 0014.png
  • 0015.png
  • 0016.png
  • 0017.png
  • 0018.png
  • 0019.png
  • 0020.png
  • 0021.png
Байланыс телефондары
Біздің мекен-жайымыз:

 

 

Алматы қаласы, Құрманғазы 107,

Байтұрсынов көшесінің қиылысы

Телефондар:

8 (727) 350-78-88

8 (701) 513-11-55(ҚОТ мәcелері бойынша call-center)

8 (701) 233-58-88 (call-center)

8 (700) 550-91-22 (Helpdesk-техникалық қолдау)

Факс: 2929877

Whats Up: 8 (701) 513 11 55

  vk.com/vuzkunaeva
  @academy_of_kunaev
  Канал на YouTube