Басты бет Түлектері Түлектері №2

Біздің түлектер

001

Алдабергенов Нұрлан Шадибекович

ҚР премьер-министрі кеңсесінің басшысы (03.2017-02.2019). 2012 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополи­яға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі. Қазақстанның мемлекеттік қайраткері. 2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің төрағасы бол­ды. 2005 жылы Д.А. Қонаев атындағы Университетті құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Марапаттары:

ІІ дәрежелі Достық Ордені.

«Құрмет» Ордені (2006 жыл).

«Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» І дәрежелі медаль (Жоғарғы Еурази­ялық экономикалық Кеңес, 8 мамыр 2015 жыл).

«Менің жадымда әрқашан академиядағы оқу, оқы­тушылар және курстастарым туралы ең жарқын естеліктер сақталған. Д.А. Қонаев атындағы Ака­демия өзінің түлектеріне жоғары стандарттарға сай білім беретін ең жақсы оқу орындарының бірі. Осы білім ордасы құқық саласында күшті терең білім береді деп ойлаймын. Курстастарымның көбісі бү­гінде табыстан табысқа жеткен белді тұлғалар. Олар құқық қорғау органдарында, мемлекеттік және жергілікті басқару аппараттарында, сондай-ақ заңгер, адвокат болып қызмет атқаруда. Академия түлектері кез-келген жерде жетістіктерге жетуде. Бір-бірімізге көмектесу үшін білімімізді, байланысы­мызды, әкімшілік қорларымызды және т.б. пайдала­на отырып, біздің түлектеріміздің ой-арманы үндес жандардың мықты желісін құрғанын қалар едім. Со­сын өзіміздің демеушілік бағдарламаларымызды және резервтегі қорларды пайдаланып, Академияның сал­мақты білім және ғылым орталығы болуына көмекте­суіміз, сөйтіп, оны бір аймақта ғана емес, жаһандық деңгейдегі оқу орнына айналдыруымыз қажет. Менің ойымша, бізде осының барлығын іске асыруға керек нәрсенің бәрі бар. Альма-матер ұжымына бұдан бы­лай да шығармашылық және кәсіби табыстар, өзінің ең жақсы дәстүрлерін сақтап әрі көбейте түсуді, сон­дай-ақ студенттерге шыдамдылық танытып, олар­дың жетістіктерінен қуанышқа бөленуді тілеймін!»

001Жайлаубай Жанат Несіпбайұлы

Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы.

1997 жылы Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық институтын заңгер маман­дығы бойынша бітірді. 2007-2011 ж.ж. Алматы облысы, Қапшағай қалалық сотының төрағасы. 05.08.2011 – 01.01.2016 ж.ж. Алматы облысы, Іле аудан­дық сотының төрағасы.

Мемлекеттік марапаттары:

«Астананың 10 жылдығы» медалі (2008);

Алматы облыстық сотының құрмет грамотасы (2005).

Білім және алғашқы іс-тәжірибе үшін ұстаздарға ризашылығымды білдіремін. Олар бізден материалды жаттауды талап еткен жоқ, дерек көздермен және құжаттармен жұмыс істеуді үйретті. Осы оқу орнын­да меңгерген кәсіби дағдыларым мен білімім тек білікті маман ғана емес, басшы болуыма да әсер етті. Академия маған жемісті еңбек етуге ғана емес, дамуға да жол ашқан негізгі теориялық білімнің негізін берді.

Тамаша білімдері бар керемет оқытушылар туралы айтсам деймін. Белгілі ғалымдар және оқулықтар­дың авторлары, олар шынайы және өз істеріне жан-тәнімен берілген жандар. Ғылымға деген осы махаб­батын, қызығушылығы мен құштарлығын студенттеріне дарытуға тырысып бақты.

Біздің оқу орнымызға қатысы бар адамдардың бәрін мерей тоймен шын жүректен құттықтаймын. Кәсі­би табыстар мен жұмыстан алар ләззат тілеймін.

001Анашкин Сергей Сергеевич

КТZ Express» АҚ атқарушы директоры.

2003 жылы Д.А. Қонаев атындағы Университетті «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірді.

«Көліктік логистиканы дамытудың ұлттық орталығы» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, сондай ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның филилалы «Көліктің логистиканы дамыту орталығының» транзиттік тасымалдауды тарту басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 2013 жылдың шілде айынан «КТZ Express» АҚ Вице президенті. 2015 жылдың шілде айынан«КТZ Express» АҚ атқарушы директоры.

«Мен Академияда «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша білім алдым. Осы оқу орнына түсіп, дұрыс таңдау жасадым деп ойлаймын, өйткені, менде Академияда алған білімім тура­лы тек жағымды естеліктер сақталыпты. Бірінші кезекте Академияның білікті мамандардан тұратын оқытушылар құрамын ілтипатпен атап өткім келеді. Оқытушылар жоғары сый-құр­метке, марапатқа лайықты. Осы оқу орнында алған білімім мен үшін қызметімді жүзеге асыру­дағы трамплинге айналды. Академия берген сапалы білім менің моральды-құлықтылық жағынан өсуіме, менде креативтілік, жанкештілік, адалдық және әділеттілік сияқты қасиеттердің да­муына ықпал етті.

Барлық оқытушылар құрамына жұмыста кәсіби жетістіктер, соны идеялар мен жаңалық ашу, болашақ мамандығын меңгеруде шығармашылықпен ізденетін студенттер тілеймін. Ал сту­денттерге оқуда үздік болуларын, жағымды студенттік өмір және емтихандарын жақсы тапсы­руларын тілеймін».

Рысбеков Мади Аскарович

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономи­калық сотының Төрағасы.

1998 жылы Д.А. Қонаев атындағы Қазақ Гуманитарлық Универси­тетінің заң факультетін бітірді.

2000-2002 ж.ж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының кеңесшісі.

2002-2009 ж.ж. Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының судясы.

2009 жыл мен 2013 жылдың қаңтар айының аралығында Павлодар қаласының Сотының Төрағасы.

2013 жылдың ақпан айынан бері Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы.

«Менің ойымша, өзім қол жеткізген табыстарымда академияның баға жеткісіз үлесі бар. О бастан оқу үрдісіне деген мүлдем басқаша тәсіл-көзқарас мені қайран қалдырды. Кейінірек, бұл менің қызметтен көтерілуіме қатты көмектесті. Осы жерде қалыптасқан шеберлік менің артықшылығыма айналды. И.Б Зинкевич., В.Н.Уваров, К.К. Керимов., Ұ.Д. Құдайбер­генов, т.б өз ісіне жан-тәнімен берілген көптеген оқытушыларымды еш ұмытпаспын. Бұл адамдардың бәрі – өз мамандықтарының майталмандары, олар ерекше күш-қайрат жұм­сап, өз пәндерін қызықты әрі ерекше дәріс көзіне айналдырды. Мен өз оқытушыларыма және академияма өміріме енгізген жарқын үлестері үшін шын жүректен алғыс айтамын! Бәріңізді жоо, оның әр түлегі мен оқытушысы үшін үлкен, әдемі және маңызды осы айтулы күнмен құт­тықтаймын! Барлықтарыңызға соны табыстар және жаңа жетістіктер тілеймін!»

Молдахметов Ерлан Кенесбекович

Алматы облысы, Іле ауданының прокуроры

«Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын 25-жылдығымен құттықтаймын және зор табыс тілеймін! Қазіргі таңда жұмыс ба­рысында белсене қолданып, пайдаланып жатқан білімім үшін Акаде­мияның оқытушыларына олардың алғашқы түлектерінің бірі ретін­де шексіз ризашылығымды, алғысымды жеткізсем деймін! Білікті оқытушыларды, соның ішінде профессорлар Ұ.Д. Құдайбергенов, А.Я. Гинзбург, И.Б.Зинкевич, К.К. Айтхожин, Г.А. Жайлин, Г.А. Алибаева, С.С.Казакеева, Л.М.Аб­дуллина, т.б. ерекше атап өткім келеді. Осында оқыған кезімде теориялық біліммен қатар тәжірибені де меңгеріп, іс дағдыларын қалыптастырдым».

Жансыкбаев Рустем Ильянович

Атырау облысының мамандан­дырылған ауданаралық эконо­микалық сотының төрағасы.

2016 жылы «Қаржы» маман­дығы бойынша Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында екінші жоғарғы білім алды.

2003-2008 ж.ж. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы.

2008-2013 ж.ж. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты­ның төрағасы. 2016 жылдың 3-қарашасынан бастап Аты­рау облысының ауданаралық экономикалық сотының төрағасы.

«Менен қай жоғарғы оқу орнын бітіргенімді сұраған кез­де Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында оқығанымды мақтанышпен айтамын. Қоғамда осы оқу орны жайлы білікті заңгергерлерді даярлайтын шебер­лік мектебінің ең жақсысы деген көзқарас қалыптасқан. Академияда оқығанда алған білімім қазіргі таңда маған іс-тәжірибеде көп көмегін тигізуде. Шынында да бұл білім ордасының профессорлық-оқытушылық құрамы өте мықты, олар бірінші кезекте менің білімімді молайтуға және оны қолданудың дұрыс жолын табуыма күш салды.

Бүгін Академияның 25-жылдығында оның басшылығы мен оқытушыларына қазіргі кең ауқымды құқықтық рефор­малар кезеңінде өз түлектеріне даулы, шешілуі қиын мәселелерде ақыл-кеңестерімен де, сондай-ақ дөңгелек үстел мен семинарлар өткізу арқылы да қолдау көрсетіп жатқандары үшін алғыс білдіргім келеді».

Жаңалықтар

«Азаматтық құқықтық пәндер» кафедрасы бойынша

6B04206-«In-house заңгер» ; 6B04201-«Құқықтану»; 6В04204 – «Сот-құқық қорғау қызметі» ; 6В04205 – «Жасыл экономика құқығы екі шет тілін меңгерумен»; 6B04211 – «Әлеуметтік - құқықтық серіктестік»; білім беру бағдарламалары бойынша сабақ беретін «Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасына:

Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы келесі білім беру бағдарламалары бойынша 2022-2023 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының бос штаттық лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
05.05.2022 Толығырық...

Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы білім саласындағы 28 жылдық тарихында алғаш рет 2021 жылы бітірген түлектеріне өзіндік үлгідегі дипломдарын табыстады. Биыл академияны 836 білімалушылар тамамдады, оның ішінде 731 бакалавр академиялық дәрежесін иеленсе, 15 Құқық магистрі және 90 заң ғылымы магистрі атағын иеленді.

Өзіндік үлгідегі диплом
07.09.2021 Толығырық...

Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы білім саласындағы 28 жылдық тарихында алғаш рет 2021 жылы бітірген түлектеріне өзіндік үлгідегі дипломдарын табыстады. Биыл академияны 836 білімалушылар тамамдады, оның ішінде 731 бакалавр академиялық дәрежесін иеленсе, 105 ғылым магистрі атағын иеленді.
Академияның білім беру сапасы халықаралық және ұлттық аккредиттеу агенттіктерімен мойындалып, 2026 жылға дейін 5 жылға куәлік алды.
Жаңа үлгідегі өзіндік диплом ерекшелігі:
1. Жұмыс беруші ҚР БжҒ министрлігінде тіркелген өзіндік үлгідегі дипломның сериясын және нөмерін QR-код арқылы тексере алады. Әр дипломның БжҒ министрлігі жасаған бірегей сәйкестендіру нөмері ҰББД-да сақталады және белгілі бір білімалушыға байланыстырылған. Бұл кез-келген уақытта дипломның дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Деректердің қауіпсіздігі блокчейн технологиясы мен мәліметтерді шифрлау арқылы қамтамасыз етілген.
2. Диплом бланкісінде және оның қосымшасында аккредиттеу агенттіктерінің логотиптері басылған.

Өзіндік үлгідегі диплом
18.08.2021
Құрметті талапкерлер!
01.04.2021 Толығырық...
Онлайн дәріс «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар»
12.02.2021 Толығырық...
Құрметті әріптестер!
02.02.2021 Толығырық...
Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 109 жыл
12.01.2021 Толығырық...
«Үздік студент – 2020»
04.01.2021 Толығырық...
Студенттер "АНА" компаниясының бас директорымен онлайн кездесуі
04.01.2021 Толығырық...
Дөңгелек үстел: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту шаралары»
26.12.2020 Толығырық...
Электронды темекінің жалмаған жалыны
22.12.2020 Толығырық...
Хабарландыру: Құрметті әріптестер мен студенттер!
22.12.2020 Толығырық...
«Тұлғаның құқықтық мәртебесі» атты дөңгелек үстел
09.12.2020 Толығырық...
«Қашықтықтағы режимдегі оқыту орны» тақырыбы бойынша үздік фото байқауы
07.12.2020 Толығырық...
«Ауыл» партиясымен бірге «Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік бейімделуі» атты тақырыпта онлайн дөңгелек үстел өтті
27.11.2020 Толығырық...
9360690
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы күн
528
732
47061
9263224
178037
60481
9360690

Сіздің IP: 3.144.147.211
Уақыт: 2025-04-24 09:19:45
Келушілер қарсы

Біздің серіктестер

  • 0010.png
  • 0011.png
  • 0012.png
  • 0013.png
  • 0014.png
  • 0015.png
  • 0016.png
  • 0017.png
  • 0018.png
  • 0019.png
  • 0020.png
  • 0021.png
Байланыс телефондары
Біздің мекен-жайымыз:

 

 

Алматы қаласы, Құрманғазы 107,

Байтұрсынов көшесінің қиылысы

Телефондар:

8 (727) 350-78-88

8 (701) 513-11-55(ҚОТ мәcелері бойынша call-center)

8 (701) 233-58-88 (call-center)

8 (700) 550-91-22 (Helpdesk-техникалық қолдау)

Факс: 2929877

Whats Up: 8 (701) 513 11 55

  vk.com/vuzkunaeva
  @academy_of_kunaev
  Канал на YouTube