
ІТ бөлімінің негізгі мақсатыАкадемияның оқу үддерісіне тиімді ақпараттық және техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету, Академиядағы білім беру қызметін нің сапасын арттыру мақсатындажаңа заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып техникалық құралдар кешенін іске қосу.
Бөлімнің қызметі бірыңғай ақпараттық инфроқұрылымды дамытуға, оқу үрдісіне соны ақпараттық технологияларды енгізуге, академияның қаржы-экономикалық қызметін, іс жүргізу және құжат айналымын автоматтандыруға бағытталған. Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі заманауи біріккен ақпараттық жүйені қалыптастыру Академияны Интернеттің ақпараттық кеңістігінде таныстыруды ұйымдастыру, оқытушылар мен студенттерге заманауи электрондық қызмет көрсету,білім ордасының толыққанды ақпараттық-білім беру корпоративтік порталын жасау.
Бөлім Академияның ақпараттық жүйесін жетілдіру, білім ордасының барлық құрылымдық бөлімшелерін техникалық жабдықтау, электрондық қызметтердің деңгейі мен пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, бөлімнің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда жаңа заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану жұмыстарын мақсатты түрде жүзеге асырады.
Бөлімнің мамандары компьютерлік және көшіру-көбейту техникаларымен жүйелі және техникалық қызмет көрсету жұмыстары, жалпы жооторабының қызмет көрсету бөлігін әкімшілдеу (администраторлау), белсенді желілік құралды әкімшілдеу, кабельдік желілерді салу, Академияның ақпараттық қауіпсіздігін қалыптастыру жұмыстарын орындайды.
Қазіргі 200 компютерлік техникалық бірлік таңда жүйелі және техникалық қызмет көрсетеді, оның 189-ы жалпыжоожелісіне қосылған, сондай-ақ ақпараттық қорлардың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ететін 8 сервер бар.
Білім ордамыздың оқу залдары мен аймағында интернеттің Wi-Fi сымсыз желісінің 8 нүкте бірлігі орналасқан, бұл студенттерге интернет қызметін үзіліссіз әрі күндіз-түні пайдалануға мүмкіндік береді. Ал, жалпыжжо локальды желінің unlimited көлемінде ақпарат алатын Internet 15 Mb/c-ке кіретін жылдамдығы бар.
Байланыс арналары: бөлінген оптоталшықты желі. Соңғы 2 жыл ішінде біз қашықтықтан оқыту жүйесін енгіздік, 6 жаңа компьютер сыныптарын, лингафонды кабинет, 11 мульмедиялық сынып, электрондық қорлар залын, 2 конференц зал аштық, лекция аудиторияларында акустикалық жүйе орнаттық. Біздің бөліміміздің жұмысы мұнымен тоқтамайды, оқыту үшін жаңа озық ақпараттық технологияларды енгізуді жалғастыра бередi!
Бөлім меңгерушісі Байдуллин Т.Т.