Магистр дипломы осыдан он жыл бұрын жұмыс берушілердің арасында «мәдени серпіліс» туғызды,сонымен қатар, ешкім магистратура дегеніміз не және ол кімдерге арналғаны жөнінде толық түсінік бере алмады.Ал, бүгінгі күні барлығы өзгерді: нақты магистр арнайы дағдыны меңгерген толыққанды дайындалған бітіруші болып табылады.
Магистратура лайықты білім алудың ең қысқа жолы, қажетті қызметке орналасуға мүмкіндік, мансаптық өсуге дара жол болып табылады. Магистр дәрежесі білімнің жоғарғы сатысы және жаңа сапасының көрінісін байқатады. Білім алушыларға магистратура не береді - бұл еңбек нарығындағы бәсекелестік мүмкіндігі, яғни, зерттеу қызметімен айналысуға жол ашу немесе мамандық бойынша қызмет атқару.
Біреулер үшін магистратура академиялық мансаптың алғашқы баспалдағы, яғни бұл бағытта білім алушыларға магистратура нақты ғылыми зерттеулерге қатысуға, мақала дайындап, конференцияларға қатысуға мүмкіндік береді.Келесі бағытта білім алушыларға бұл, арнайы пәндерді меңгеруге, сұранысқа ие құқыққорғау органдарында және мемлекеттік қызметке, сонымен қатар, мамандық бойынша жұмысқа орналасу жағынан жаңа мүмкіндіктер туғызады.
«2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, сонымен қатар, «Білім туралы» және «Ғылым туралы» заңдарына сәйкес бакалавриат, магистратура және PhD докторантура арқылы кадрларды дайындауда көпсатылы үздіксіз жүйені жоғары және жоғары білімнен кейінгі кәсіби білімде қалыптастырды.Бұл үшсатылы жүйе ғылыми-зерттеу қызметімен үйлесіп оқыту компонентіне негізделеді.
Қазіргі кезде Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында «құқықтану» және «халықаралық құқық» мамандықтары бойынша бакалавриатта жоғары кәсіби білім алып, «құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсу емтихандарын сәтті тапсырған жағдайда магистратура, ары қарай докторантурада оқуға болады. Магистратура және доктарантураға жоғары білімі бар Қазақстан азаматымен қатар шетел азаматтары да мамандық бойынша шет тілінен «түсу сынақтарынан» өткен жағдайда оқуға қабылдана береді.
Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы алдына келесідей мақсат қояды халықаралық еңбек нарығында баламалы магистр дипломымен қамтамсыз ету үшін кәсіби білімді алу барысында дамыған оқыту технологияларымен және академиялық озық ойлармен қаматамсыз ету.
Осы мақсаттарға қол жеткізуде біздің түлек:
Біздің академияның айрықша ерекшелігі - алқалық рухы мен бір-біріне деген сыйластығы болып табылады.
Біздің мақсатымыз білім алушыларға мүмкіндік, қабілет және әлеуетті қалыптастыруда көмек беру. Біз өзара сенімділік қағидасымен жұмыс жасап және оны біздің басқару жүейсі аясында көрсетеміз.
Академия таңдаған мамандық бойынша табысты және шығармашылық оқытуға жағдай жасайды. Магистрлерді дайындау 2006 жылдан жүзеге асып келеді. Осы уақыт аралығында академия 338 магистр дайындады. Магистратураға деген көзқарастың өзгергенін салыстырмалы түрде келесідей мәліметтерден байқауға болады. 2008 жылы бітіруші магистрлер саны 2 адам. 2016 жылы бітіруші магистрлер саны 81 адам. 2017 жылы бітіруші магистрлер саны 185 адам болады деген болжам бар.
«Азаматтық құқықтық пәндер» кафедрасы бойынша
6B04206-«In-house заңгер» ; 6B04201-«Құқықтану»; 6В04204 – «Сот-құқық қорғау қызметі» ; 6В04205 – «Жасыл экономика құқығы екі шет тілін меңгерумен»; 6B04211 – «Әлеуметтік - құқықтық серіктестік»; білім беру бағдарламалары бойынша сабақ беретін «Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасына:
05.05.2022 | Толығырық... |
Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы білім саласындағы 28 жылдық тарихында алғаш рет 2021 жылы бітірген түлектеріне өзіндік үлгідегі дипломдарын табыстады. Биыл академияны 836 білімалушылар тамамдады, оның ішінде 731 бакалавр академиялық дәрежесін иеленсе, 15 Құқық магистрі және 90 заң ғылымы магистрі атағын иеленді.
07.09.2021 | Толығырық... |
Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы білім саласындағы 28 жылдық тарихында алғаш рет 2021 жылы бітірген түлектеріне өзіндік үлгідегі дипломдарын табыстады. Биыл академияны 836 білімалушылар тамамдады, оның ішінде 731 бакалавр академиялық дәрежесін иеленсе, 105 ғылым магистрі атағын иеленді.
Академияның білім беру сапасы халықаралық және ұлттық аккредиттеу агенттіктерімен мойындалып, 2026 жылға дейін 5 жылға куәлік алды.
Жаңа үлгідегі өзіндік диплом ерекшелігі:
1. Жұмыс беруші ҚР БжҒ министрлігінде тіркелген өзіндік үлгідегі дипломның сериясын және нөмерін QR-код арқылы тексере алады. Әр дипломның БжҒ министрлігі жасаған бірегей сәйкестендіру нөмері ҰББД-да сақталады және белгілі бір білімалушыға байланыстырылған. Бұл кез-келген уақытта дипломның дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Деректердің қауіпсіздігі блокчейн технологиясы мен мәліметтерді шифрлау арқылы қамтамасыз етілген.
2. Диплом бланкісінде және оның қосымшасында аккредиттеу агенттіктерінің логотиптері басылған.
18.08.2021 |
01.04.2021 | Толығырық... |
12.02.2021 | Толығырық... |
02.02.2021 | Толығырық... |
12.01.2021 | Толығырық... |
04.01.2021 | Толығырық... |
04.01.2021 | Толығырық... |
26.12.2020 | Толығырық... |
22.12.2020 | Толығырық... |
22.12.2020 | Толығырық... |
09.12.2020 | Толығырық... |
07.12.2020 | Толығырық... |
27.11.2020 | Толығырық... |
Байланыс телефондары | ||
Біздің мекен-жайымыз: | ![]()
|
|
Алматы қаласы, Құрманғазы 107,
Байтұрсынов көшесінің қиылысы |
||
Телефондар: | ||
8 (727) 350-78-88 8 (701) 513-11-55(ҚОТ мәcелері бойынша call-center) 8 (701) 233-58-88 (call-center) 8 (700) 550-91-22 (Helpdesk-техникалық қолдау) Факс: 2929877 Whats Up: 8 (701) 513 11 55 |
||
![]() |
vk.com/vuzkunaeva | |
![]() |
@academy_of_kunaev | |
![]() |
Канал на YouTube |
© Еуразиялық заң академиясы Д.А. Қонаев 2025 | Қазақстан Республикасы, Алматы, Құрманғазы 107, Байтұрсынов көшесінің |