Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының Қылмыстық құқық, криминалистика және құқық қорғау қызметі кафедрасы академиядағы ежелгі және жетекші кафедралардың бірі болып табылады. Академияда түрлі жылдары А.Я.Гинзбург, И.Б.Зинкевич, С.А.Табанов, С.А.Поврезнюк, Г.И.Карагубенов, Н.И.Оганов, К.К.Керимов, тағы да басқа көптеген ғылымның тамаша қайраткерлері, көрнекті құқықтанушы ғалымдар жұмыс істеді.
Бүгінде кафедрадағы оқу үрдісі және ғылыми-зерттеу жұмысын кәсіби шеберлігі жоғары білікті ғалымдар мен кәсібі бойынша жұмыс істейтін тәжірибелі мамандар: ҚР Бас Прокурорының кеңесшісі, з.ғ.д., профессор, әділет ісі жөніндегі мемлекеттік кеңесші Д.К.Өтебаев, з.ғ.д., профессор Д.С.Чукмаитов, з.ғ.д., профессор М.О.Нукенов, з.ғ.д., профессор З.А.Өмірбаева, з.ғ.д., Г.М.Абдрашев, з.ғ.к., профессор А.И.Новиков, з.ғ.д., ассоц.профессор Т.Т.Балашов, з.ғ.к., профессор И.Б.Зинкевич, з.ғ.к., доцент Т.И.Зинкевич, з.ғ.к., доцент С.Т.Әбдірахманов, ассоц.профессор С.П.Вареникова, з.ғ.к., доцент С.С.Казакееева, з.ғ.к. доцент К.Т.Терликбаев, з.ғ.к., доцент С.А.Ахметова, з.ғ.к., доцент Р.М.Есболатова, з.ғ.м., аға оқытушы С.М.Мадыхан, з.ғ.м., аға оқытушы Г.Н.Рахимова. Қазіргі таңда кафедраны з.ғ.д., профессор З.А.Өмірбаева басқарады.
Студенттер негізгі теориялық білім, іс-тәжірибе дағдыларын, маңызы жағынан олардан кем түспейтін кәсіби рух алады. Оларды нағыз заңгерлердің моральдық қасиеттерін игеруге баулиды: мақсат қойғыштық, пікір талас жүргізе білу, адамдарға және өз ісіне деген махаббат. Міне, дәл осындай талаптар өз мамандығының нағыз кәсіби шеберлерін әрі заңи білімнің ежелгі дәстүрлерін жалғастырушы мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының құқық қорғау органдары жүйесінде бай тәжірибесі бар, ол өз кезегінде студенттерге теориялық білімдермен қатар, құқық қолданудың тәжірибелік дағдыларын да үйретуге үлес қосады.
Кафедра қызметінің маңызды бағыттарының бірі - ғылыми зерттеу жұмысы болып табылады, оның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару құқықтарын жетілдіру. Кафедра 2011-2014 жылдарға арналған «Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеудің қазіргі кездегі мәселелері» тақырыбы бойынша кешендік ғылыми зерттеумен айналысты. 2000 жылы ректордың бастамасы, ғалымдар мен қауымдастықтар ұсынысы бойынша Академияда Қазақстан Республикасының Кримонологиялық ассоциациясы құрылып, президенті Академия ректоры Ө.Ш.Жалаири болды. Кафедра қызметкерлері осы ассоциация шеңберінде және Ресейдің жетекші криминалистерімен және криминологтарымен, мысалы, белгілі профессорлар Т.В.Аверьяновамен, А.Р.Белкинмен, Е.Р.Белкинмен тығыз қарым-қатынас жасайды. Біріге отырып криминалистика жөнінде оқу құралдары мен оқулықтар шығарды.
Оқу үрдісінде коммуникацияның заманауи құралдарының көмегімен мультимедиялық оқулық материалдары, интерактивті оқыту әдістері кеңінен қолданылады: қылмыс оқиғалары мен тергеу әрекеттерін модельдеу арқылы іскерлік ойын, интерактивті тақтаны пайдалану арқылы әр түрлі сабақтар мен сайыстар, тәжірибелік есептерді шешу. Кафедраның лекциялар мен іс-тәжірибе сабақтарын өткізу үшін заманауи электрондық құралдармен жабдықталған аудиториялары бар.Жекелеген қылмыс түрлерін тергеудің криминалистік тәсілдері мен әдістерін шешу мәселелері жөніндегі іс-тәжірибелік сабақтар студенттерге нақты қылмыстық істерді шынайы өмірдегіге ұқсатып көрсететін тергеудің ғылыми тәжірибесін жүргізетін арнайы оқу-әдістемелік полигонда өтеді.
Кафедрада дуалды оқу жүйесі ұйымдастырылған, онда кәсіби білім жүйесі тәлімгерліктің дамыған жүйесімен, іс-тәжірибемен ұштасатын оқумен, құқыққорғау органдарының мамандарды даярлау ісіне белсене қатысуымен ерекшеленеді. Қазіргі таңда кафедра біздің республикамыздағы да, шетелдегі де жетекші оқу орындарымен серіктестік ынтымақтастық қарым-қатынас орнатты. Академия аясында да, біздің серіктестеріміздің арнайы оқу орталықтарында да іс-тәжірибелік сабақтар өтеді. Академия кәсіби іс-тәжірибелерді өткізу мақсатында ҚР ІІМ, Алматы қаласының прокуратурасы, Алматы қалалық соты, Алматы облыстық соты, Алматы облысының Іле аудандық соты, Алматы қаласының әділет Департаменті, «Атамекен» Арбитраж орталығы, Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы Институтымен өзара ынтымақтастық және серіктестік жөнінде келісім- шарт пен меморандум жасасты.
Академияда халықаралық ынтымақтастық мәселелерге байланысты өзара байланысты екі басты бағытқа баса көңіл бөлінеді: халықаралық білім беру және халықаралық ғылыми ынтымақтастық. Бүгінде Академия 25 жоо-мен халықаралық ынтымақтастық және халықаралық ұтқырлық жөнінде келісім-шарт жасасқан, соның ішінде Германия, Иран, Индонезия, Сингапур, Латвия, Польша, Кипр, т.б.Мамандықтар бойынша сабақ беруге халықаралық ұйымдардан жетекші мамандар тартылады. Мәселен, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде білім ордамыздың шақыруы бойынша Варшава универитетінің әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарының докторлары Т.Гардоцка, М.Хмай, Б.Гжелонски; Өзбекстанның республикалық рухани даму орталығынан Г.Маткаримова, профессор, ғылымға еңбек сіңірген қайраткер, академик, Р.Ф.О.Е.Кутафин атындағы МГЮА сот сараптамасы институтының директоры Россинская Е.Р., т.б.
«Азаматтық құқықтық пәндер» кафедрасы бойынша
6B04206-«In-house заңгер» ; 6B04201-«Құқықтану»; 6В04204 – «Сот-құқық қорғау қызметі» ; 6В04205 – «Жасыл экономика құқығы екі шет тілін меңгерумен»; 6B04211 – «Әлеуметтік - құқықтық серіктестік»; білім беру бағдарламалары бойынша сабақ беретін «Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасына:
05.05.2022 | Толығырық... |
Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы білім саласындағы 28 жылдық тарихында алғаш рет 2021 жылы бітірген түлектеріне өзіндік үлгідегі дипломдарын табыстады. Биыл академияны 836 білімалушылар тамамдады, оның ішінде 731 бакалавр академиялық дәрежесін иеленсе, 15 Құқық магистрі және 90 заң ғылымы магистрі атағын иеленді.
07.09.2021 | Толығырық... |
Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы білім саласындағы 28 жылдық тарихында алғаш рет 2021 жылы бітірген түлектеріне өзіндік үлгідегі дипломдарын табыстады. Биыл академияны 836 білімалушылар тамамдады, оның ішінде 731 бакалавр академиялық дәрежесін иеленсе, 105 ғылым магистрі атағын иеленді.
Академияның білім беру сапасы халықаралық және ұлттық аккредиттеу агенттіктерімен мойындалып, 2026 жылға дейін 5 жылға куәлік алды.
Жаңа үлгідегі өзіндік диплом ерекшелігі:
1. Жұмыс беруші ҚР БжҒ министрлігінде тіркелген өзіндік үлгідегі дипломның сериясын және нөмерін QR-код арқылы тексере алады. Әр дипломның БжҒ министрлігі жасаған бірегей сәйкестендіру нөмері ҰББД-да сақталады және белгілі бір білімалушыға байланыстырылған. Бұл кез-келген уақытта дипломның дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Деректердің қауіпсіздігі блокчейн технологиясы мен мәліметтерді шифрлау арқылы қамтамасыз етілген.
2. Диплом бланкісінде және оның қосымшасында аккредиттеу агенттіктерінің логотиптері басылған.
18.08.2021 |
01.04.2021 | Толығырық... |
12.02.2021 | Толығырық... |
02.02.2021 | Толығырық... |
12.01.2021 | Толығырық... |
04.01.2021 | Толығырық... |
04.01.2021 | Толығырық... |
26.12.2020 | Толығырық... |
22.12.2020 | Толығырық... |
22.12.2020 | Толығырық... |
09.12.2020 | Толығырық... |
07.12.2020 | Толығырық... |
27.11.2020 | Толығырық... |
Байланыс телефондары | ||
Біздің мекен-жайымыз: | ![]()
|
|
Алматы қаласы, Құрманғазы 107,
Байтұрсынов көшесінің қиылысы |
||
Телефондар: | ||
8 (727) 350-78-88 8 (701) 513-11-55(ҚОТ мәcелері бойынша call-center) 8 (701) 233-58-88 (call-center) 8 (700) 550-91-22 (Helpdesk-техникалық қолдау) Факс: 2929877 Whats Up: 8 (701) 513 11 55 |
||
![]() |
vk.com/vuzkunaeva | |
![]() |
@academy_of_kunaev | |
![]() |
Канал на YouTube |
© Еуразиялық заң академиясы Д.А. Қонаев 2025 | Қазақстан Республикасы, Алматы, Құрманғазы 107, Байтұрсынов көшесінің |