22 қаңтарда Қазақстан Жазушылары кітапханасында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған іс-шара өтті. Мақсаты жастарға қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен әлем аренасына насихатталу жолдарын талқылау. Жиынға ақын-жазушылар, ғалымдар, Әуезов ауданы әкімдігі өкілдері, ұстаздар, кітапхана оқырмандары қатысты. Отырысты Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы ашып берді. Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясының ҚХА кафедрасының меңгерушісі, профессор Батталханов Болысбек Заманбекұлының арнайы дайындаған баяндамасы Қасым-Жомарт Кемелұлының өзекті мақаласын жиналған көпшілікке жан-жақты жеткізіп, мақаланың әрбір тарауларына жеке-жеке тоқталып өтті. 1. Ұлттық болмыстың үлгісі; 2. Мемлекет ісінің мүдделесі; 3. Жаңа қоғамның жанашыры; 4. Әлемдік мәдениеттің тұлғасы; 5. Торқалы тойдың тағылымы. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл мақаласында өзі айтқанындай, сөзден іске көшу керекпіз, Абай атамыздың мұралары арқылы, өскелең ұрпақ бойына адамгершіліктің, адалдықтың, еңбекқорлықтың, парасаттылықтың дәнін егу керекпіз. Абайдың 175 жылдық мерейтойына қоғамдық сананы жаңғыртатын, еліміздің дамуына серпін беретін іс-шара ретінде зор мән беріп, нақты іспен көрсету керекпіз» - деді жазушы-этнограф Болат Бопайұлы. Сонымен қатар жиында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғұсман Елеуұлы, Достық үйі Медиация кабинетінің жетекшісі Әлтекова Нұрсауле Әбдіқадірқызы, ұстаз Шахтемірқызы Ақмарал өз ойларын ортаға салды. Кітапхана меңгерушісі Елена Ағайса кітап көрмесімен таныстырды. Қатысушы жастар Абай шығармашылығынан көрініс көрсетіп, әндерін орындап, өлеңдерін оқыды.
«Азаматтық құқықтық пәндер» кафедрасы бойынша
6B04206-«In-house заңгер» ; 6B04201-«Құқықтану»; 6В04204 – «Сот-құқық қорғау қызметі» ; 6В04205 – «Жасыл экономика құқығы екі шет тілін меңгерумен»; 6B04211 – «Әлеуметтік - құқықтық серіктестік»; білім беру бағдарламалары бойынша сабақ беретін «Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасына:
05.05.2022 | Толығырық... |
Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы білім саласындағы 28 жылдық тарихында алғаш рет 2021 жылы бітірген түлектеріне өзіндік үлгідегі дипломдарын табыстады. Биыл академияны 836 білімалушылар тамамдады, оның ішінде 731 бакалавр академиялық дәрежесін иеленсе, 15 Құқық магистрі және 90 заң ғылымы магистрі атағын иеленді.
07.09.2021 | Толығырық... |
Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы білім саласындағы 28 жылдық тарихында алғаш рет 2021 жылы бітірген түлектеріне өзіндік үлгідегі дипломдарын табыстады. Биыл академияны 836 білімалушылар тамамдады, оның ішінде 731 бакалавр академиялық дәрежесін иеленсе, 105 ғылым магистрі атағын иеленді.
Академияның білім беру сапасы халықаралық және ұлттық аккредиттеу агенттіктерімен мойындалып, 2026 жылға дейін 5 жылға куәлік алды.
Жаңа үлгідегі өзіндік диплом ерекшелігі:
1. Жұмыс беруші ҚР БжҒ министрлігінде тіркелген өзіндік үлгідегі дипломның сериясын және нөмерін QR-код арқылы тексере алады. Әр дипломның БжҒ министрлігі жасаған бірегей сәйкестендіру нөмері ҰББД-да сақталады және белгілі бір білімалушыға байланыстырылған. Бұл кез-келген уақытта дипломның дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Деректердің қауіпсіздігі блокчейн технологиясы мен мәліметтерді шифрлау арқылы қамтамасыз етілген.
2. Диплом бланкісінде және оның қосымшасында аккредиттеу агенттіктерінің логотиптері басылған.
18.08.2021 |
01.04.2021 | Толығырық... |
12.02.2021 | Толығырық... |
02.02.2021 | Толығырық... |
12.01.2021 | Толығырық... |
04.01.2021 | Толығырық... |
04.01.2021 | Толығырық... |
26.12.2020 | Толығырық... |
22.12.2020 | Толығырық... |
22.12.2020 | Толығырық... |
09.12.2020 | Толығырық... |
07.12.2020 | Толығырық... |
27.11.2020 | Толығырық... |
Байланыс телефондары | ||
Біздің мекен-жайымыз: | ![]()
|
|
Алматы қаласы, Құрманғазы 107,
Байтұрсынов көшесінің қиылысы |
||
Телефондар: | ||
8 (727) 350-78-88 8 (701) 513-11-55(ҚОТ мәcелері бойынша call-center) 8 (701) 233-58-88 (call-center) 8 (700) 550-91-22 (Helpdesk-техникалық қолдау) Факс: 2929877 Whats Up: 8 (701) 513 11 55 |
||
![]() |
vk.com/vuzkunaeva | |
![]() |
@academy_of_kunaev | |
![]() |
Канал на YouTube |
© Еуразиялық заң академиясы Д.А. Қонаев 2025 | Қазақстан Республикасы, Алматы, Құрманғазы 107, Байтұрсынов көшесінің |