Басты бет Басты жаңалықтар Республикалық бірыңғай медиация күні

Республикалық бірыңғай медиация күні

2018 жылы 3 тамызда Алматы қаласы Достық үйінің баспасөз залында Республикалық бірыңғай медиация күніне арналған іс-шара өтті.

Іс-шараға Республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы мен Абая атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ҚХА кафедраларының өкілдері, Алматы қалалық және аудандық соттарының, кәсіподақ өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, Алматы қаласы прокуратура органдарының қызметкерлері, медиация орталықтарының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының өкілдері және басқалар қатысты.

Іс-шара аясында қалалық және аудандық соттар, прокуратура органдарының, Алматы қаласы ЭМБ өкілдері мен ҚХА құрылымдары өкілдерінің баяндамалары дайындалды. Сонымен бірге, іс-шара барысында, медиациялық көмекті қажет еткен қала тұрғындары, түрлі мәселелер бойынша кеңес алды.

Баяндамалар Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары – Мамсуров Казбек Владимировичтің алғы сөзінен басталды. Ол қатысушылармен сәлемдесіп, медиацияның этносаралық дауларды реттеу құралы ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Содан соң, сөз іс-шара модераторы: Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ҚХА кафедрасының меңгерушісі – Батталханов Болысбек Заманбекұлына берілді. Болысбек Заманбекұлы іс-шараға келгендерге медиацияның мағынасын, мақсатын және маңыздылғын түсіндіріп, медиативтік келісімдерді жасау мен медиация үрдісінің кезеңдеріне тоқтап айтты.

Кейін сөз баяндамашылардың өздеріне берілді. Іс-шарада баяндамаларын ұсынғандар: Асиев Шахисмаил Ахметович – «Ахысқа» республикалық түрік этномәдени орталығы жетекшісінің орынбасары; Умбеталиева Камчат Мелис-қызы – Медеу аудандық сотының судьясы; Лукашев Всеволод Анатольевич – Қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы; Сегізбай Ержігіт – кәсіби медиатор. Баяндамашылардың барлығы заманауи әлемдегі медиацияның маңыздылығына тоқталып, медиация қызметінің қағидаларын түсіндірді және өз жұмысы аясында медиация үрдісінің ерекшеліктерін атап шықты.

Баяндамалармен бірге, журналисттер мен БАҚ өкілдеріне арналған медиация бойынша мастер-класс ұйымдастырылды. Мастер-класс барысында медиация үрдісінің БАҚ аясындағы ерекшеліктері түсіндірілді.

Ары қарай бағдарлама бойынша, еңбек, заң және басқа даулар бойынша кеңесті қажет еткен халықты қабылдау басталды. Қабылдауды Медиацияны дамыту орталығының, прокуратура органдарының, кәсподақтардың және соттардың өкілдері жүргізді. Іс-шара барысында консультациялық көмекті алуға 12 азамат келді. Олардың барлығына еңбек даулары, сот шешімдерін жүзеге асырмау мәселесі, жер қатыснастары бойынша даулар, баспаналық даулар мен құқыққорғау органдарына арыздану мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді. Жалпы іс-шараға 150 адам қатысты. Олардың арасында зейнеткерлер, мекемелер қызметкерлері, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, студенттер, мүгедектер және басқалара бар.

Іс-шара маңызды көмек алған азаматтардың алғыстарымен аяқталды.

Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарынан: «СТВ» және «Қазақстан» телеарналары, «Отан сақшысы», «Вечерний Алматы», «Deutsche Allgemeine Zeitung», «Ахыска», «Алтын көпур», «Егемен Қазақстан», «Уйгур Авази» газеттері және «KazInform» ақпараттық порталы қатысты

Жаңалықтар

«Азаматтық құқықтық пәндер» кафедрасы бойынша

6B04206-«In-house заңгер» ; 6B04201-«Құқықтану»; 6В04204 – «Сот-құқық қорғау қызметі» ; 6В04205 – «Жасыл экономика құқығы екі шет тілін меңгерумен»; 6B04211 – «Әлеуметтік - құқықтық серіктестік»; білім беру бағдарламалары бойынша сабақ беретін «Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасына:

Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы келесі білім беру бағдарламалары бойынша 2022-2023 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының бос штаттық лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
05.05.2022 Толығырық...

Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы білім саласындағы 28 жылдық тарихында алғаш рет 2021 жылы бітірген түлектеріне өзіндік үлгідегі дипломдарын табыстады. Биыл академияны 836 білімалушылар тамамдады, оның ішінде 731 бакалавр академиялық дәрежесін иеленсе, 15 Құқық магистрі және 90 заң ғылымы магистрі атағын иеленді.

Өзіндік үлгідегі диплом
07.09.2021 Толығырық...

Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы білім саласындағы 28 жылдық тарихында алғаш рет 2021 жылы бітірген түлектеріне өзіндік үлгідегі дипломдарын табыстады. Биыл академияны 836 білімалушылар тамамдады, оның ішінде 731 бакалавр академиялық дәрежесін иеленсе, 105 ғылым магистрі атағын иеленді.
Академияның білім беру сапасы халықаралық және ұлттық аккредиттеу агенттіктерімен мойындалып, 2026 жылға дейін 5 жылға куәлік алды.
Жаңа үлгідегі өзіндік диплом ерекшелігі:
1. Жұмыс беруші ҚР БжҒ министрлігінде тіркелген өзіндік үлгідегі дипломның сериясын және нөмерін QR-код арқылы тексере алады. Әр дипломның БжҒ министрлігі жасаған бірегей сәйкестендіру нөмері ҰББД-да сақталады және белгілі бір білімалушыға байланыстырылған. Бұл кез-келген уақытта дипломның дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Деректердің қауіпсіздігі блокчейн технологиясы мен мәліметтерді шифрлау арқылы қамтамасыз етілген.
2. Диплом бланкісінде және оның қосымшасында аккредиттеу агенттіктерінің логотиптері басылған.

Өзіндік үлгідегі диплом
18.08.2021
Құрметті талапкерлер!
01.04.2021 Толығырық...
Онлайн дәріс «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар»
12.02.2021 Толығырық...
Құрметті әріптестер!
02.02.2021 Толығырық...
Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 109 жыл
12.01.2021 Толығырық...
«Үздік студент – 2020»
04.01.2021 Толығырық...
Студенттер "АНА" компаниясының бас директорымен онлайн кездесуі
04.01.2021 Толығырық...
Дөңгелек үстел: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту шаралары»
26.12.2020 Толығырық...
Электронды темекінің жалмаған жалыны
22.12.2020 Толығырық...
Хабарландыру: Құрметті әріптестер мен студенттер!
22.12.2020 Толығырық...
«Тұлғаның құқықтық мәртебесі» атты дөңгелек үстел
09.12.2020 Толығырық...
«Қашықтықтағы режимдегі оқыту орны» тақырыбы бойынша үздік фото байқауы
07.12.2020 Толығырық...
«Ауыл» партиясымен бірге «Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік бейімделуі» атты тақырыпта онлайн дөңгелек үстел өтті
27.11.2020 Толығырық...
9371357
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы күн
1979
1240
57728
9263224
188704
60481
9371357

Сіздің IP: 3.144.143.110
Уақыт: 2025-04-28 15:42:52
Келушілер қарсы

Біздің серіктестер

  • 0010.png
  • 0011.png
  • 0012.png
  • 0013.png
  • 0014.png
  • 0015.png
  • 0016.png
  • 0017.png
  • 0018.png
  • 0019.png
  • 0020.png
  • 0021.png
Байланыс телефондары
Біздің мекен-жайымыз:

 

 

Алматы қаласы, Құрманғазы 107,

Байтұрсынов көшесінің қиылысы

Телефондар:

8 (727) 350-78-88

8 (701) 513-11-55(ҚОТ мәcелері бойынша call-center)

8 (701) 233-58-88 (call-center)

8 (700) 550-91-22 (Helpdesk-техникалық қолдау)

Факс: 2929877

Whats Up: 8 (701) 513 11 55

  vk.com/vuzkunaeva
  @academy_of_kunaev
  Канал на YouTube