Рухани жаңғыру

Категория: Библиотека
Просмотров: 20145

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Біздің мақсатымыз айқын , бағытымыз белгілі , ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында алты үлкен жоба аталды. Сол жобалардың бірі – «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық».

Мемлекеттік тілге аударылған оқулықтардың басты мақсаты – жоғары дәрежелі, жоғары сапалы білімнің қолжетімділігі болып табылады. Осындай бастамалардың арқасында еліздің жастары заманауи білімнің толқынына ілесіп, өз елінің мәртебесін асқақтатарына сеніміміз мол.

«Ұлттық аударма бюросы» басып шығарған әлемнің ең үздік шығармаларымен біздің кітапхана қоры да толықтырылды .

Құрметті оқырман қауымы ,сіздердің назарларынызға усынамыз !

Жаңа кітаптар(жми)

Студия разработки сайтов «IDSGroup»