Заң клиникасы

Категория: Demo
Қаралды: 15944

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң академиясының заң клиникасы еріктілер қозғалысының жобасы аясында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына тегін заңгерлік көмек көрсетеді. Бұл клиника екі жылдан бері жұмыс істейді. Белгілі бір жетістіктер бар: Заң клиникасының студенттері мұғалімдердің басшылығымен сот шешімін жоққа шығарды, сотта дауды жеңді, көп балалы ананың жәрдемақыларын алуға көмектесті, Алматы қаласы Алмалы ауданының халыққа қызмет көрсету орталығында тегін заңгерлік кеңестер өткізді.

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң академиясының заң клиникасы азаматтық, отбасылық, еңбек, экологиялық, азаматтық іс жүргізу, жер заңнамаларына, студенттердің өтініштерін, шағым арыздарын, шағымдары мен басқа да іс жүргізу құжаттарына қатысты әртүрлі мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта заң клиникасы он-лайн режимінде жұмыс істейді. Сізге құқықтық мәселелерді шешуге көмектесуге әрқашан дайынбыз. Заң клиникасының меңгерушісі з.ғ.к., доцент Абдуллина Лейла Марсовна.

Студия разработки сайтов «IDSGroup»