Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция

Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 313

Ақпараттық хат

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының «азаматтық құқықтық пәндер» кафедрасы профессор Жайлин Ғабиден Айнашұлын еске алуға арналған «Цифрландыру жағдайында қазіргі заманғы ғылым мен білім берудің даму тенденциясы мен болашағы» атты тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясын өткізеді.

Конференция 2020 жылдың 07 желтоқсанында сағат 12.00-де болады. Қатысушылардың алдын-ала кіруі 11:45.

Конференция барысында азамттық, азаматтық іс жүргізу заңнамаларының қазіргі заманғы ғылым мен білімнің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласында жетілдіруі, олардың жан-жақты даму бағыттары туралы ғылыми баяндамалар талқыланады деп күтілуде.

Конференция қорытындысы бойынша баяндамалар электронды форматта жеке жинақ болып шығады.

Конференцияға қатысу үшін 2020 жылдың 25 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетіне мына мекен-жай бойынша өз баяндамаларыңызды жіберуіңіз керек: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. «Конференцияға 07 желтоқсан 2020 жылы» деген белгімен:

- қатысуға өтініш;

- баяндаманың электрондық нұсқасы.

Конференцияны жүргізу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Баяндаманы ұсынуға қойылатын талаптар:

1.Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты, университеттің,қаланың, елдің атауы; (жоғарғы оң жақта көрсетілу керек)

2. Мақала тақырыбы үлкен әріптермен, ортасына жазылады.

3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі, пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер тік жақшада көрсетіледі.

4. Орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамаларға қаріп Times New Roman. Мемлекеттік тілдегі мақалалар үшін - KZ Times New Roman.

5. Қаріп өлшемі - 14, жоларалық интервал - бір, жоғарғы / төменгі жиектері 2 см, сол жағы - 2 см, оң жағы - 1 см.

6. Баяндамалардың жалпы көлемі 10 беттен аспауы керек.

Мекен-жайы: 050022 Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Құрманғазы көшесі 107, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы.

Байланыс тел. 350-78-88 (ішкі 266) + 7-701-345-60-89; + 7-701-314-87-86

Барлық сұрақтар бойынша ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры - Алибаева Гульнара Айтжановнаға,

аға оқытушы – Бегазова Гульнафиса Жандарқызына хабарласыңыз.

Конференцияға қатысуға өтініш

Тегі Аты Әкесінің аты _________________________

Топ, факультет _________________________

Ғылыми жетекші _________________________

Университет _________________________

Тақырып _________________________

Байланыс ақпараты: телефон, электрондық пошта: _________________________

Студия разработки сайтов «IDSGroup»