«Еуропалық құқықтың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық онлайн - дөңгелек үстел өткізді.

Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 263

2

11 қараша 2020 жылы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы В.Корфантого атындағы Жоғарғы Силезия экономикалық университетімен бірлесіп «Еуропалық құқықтың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық онлайн - дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан мен Еуропалық одаққа кіретін мемлекеттердің құқық саласындағы жаңғыртылу мен дамуына арналған сұрақтар талқыланды. Қазіргі кезеңдегі құқықтық реформаның Қазақстан, Польша және Еуропалық одақ мемлекеттеріндегі ювеналды әділет, азаматтық құқық және азаматтық сот өндірісі, қылмыстық заңнамаларға қатысты мәселелер көтерілді.

Онлайн деңгейінде өткен дөңгелек үстелге қазақстандық және польшалық ғалымдар, Академиямыздың және Инновациялық еуразиялық университетінің докторанттары, мемлекеттік орган қызметкерлері қатысты.

 

Студия разработки сайтов «IDSGroup»