Жалпы ақпарат!

Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 333

     

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы 2020 жылдың 04 желтоқсанында сағат 14.00-де «Цифрландыру жағдайында қазіргі заманғы ғылым мен білім берудің даму тенденциясы мен болашағы» атты тақырыбында жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-теориялық онлайн конференциясын өткізеді.

Конференцияның ашылуы сағат 14.00-де болады. Қатысушылардың алдын-ала кіруі 13:45.

Конференция барысында қазіргі заманғы ғылым мен білімнің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласында жетілдіруі, олардың жан-жақты даму бағыттары туралы ғылыми баяндамалар талқыланады деп күтілуде.

Конференция қорытындысы бойынша жас ғалымдардың баяндамалары электронды форматта жеке жинақ болып шығады.

Конференциядан кейін жас ғалымдардың баяндамаларын жариялау жоспарланып отыр.

Конференцияға қатысу үшін 2020 жылдың 20 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетіне мына мекен-жай бойынша өз баяндамаларыңызды жіберуіңіз керек: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. «Конференцияға 04 желтоқсан 2020 жылы» деген белгімен:

- қатысуға өтініш;

- баяндаманың электрондық нұсқасы.

Конференцияны жүргізу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. 

Баяндаманы ұсынуға қойылатын талаптар:

1.Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты, университеттің, факультеттің, оқу курсының, қаланың, елдің атауы;

Ғылыми жетекшінің Т.А.Ә. (жоғарғы оң жақта көрсетілу керек)

2. Мақала тақырыбы үлкен әріптермен, ортасына жазылады.

3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі, пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер тік жақшада көрсетіледі.

4. Орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамаларға қаріп Times New Roman. Мемлекеттік тілдегі мақалалар үшін - KZ Times New Roman.

5. Қаріп өлшемі - 14, жоларалық интервал - бір, жоғарғы / төменгі жиектері 2 см, сол жағы - 2 см, оң жағы - 1 см.

6. Баяндамалардың жалпы көлемі 5 беттен аспауы керек.

Мекен-жайы: 050022 Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Құрманғазы көшесі 107, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы.

Байланыс тел. 350-78-88 (ішкі 266) + 7-701-345-60-89; + 7-705-877-24-02

Барлық сұрақтар бойынша ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры - Алибаева Гульнара Айтжановнаға, ғылыми қызметкер - Сабитова Ботагоз Фархатовнаға хабарласыңыз. 

Конференцияға қатысуға өтініш

Тегі Аты Әкесінің аты _________________________

Топ, факультет _________________________

Ғылыми жетекші _________________________

Университет _________________________

Тақырып _________________________

Байланыс ақпараты: телефон, электрондық пошта: _________________________

Студия разработки сайтов «IDSGroup»