Ақдемияда «Абай әлемі» онлайн-өнер фестивалінің іріктеу кезеңі өтті

Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 356

Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған "Абай әлемі" жалпыұлттық студенттік онлайн - өнер фестивалі өтті.

a

Академияның тәрбие және әлеуметтік-мәдени даму бөлімімен 2020 жылдың 4 қарашасында *Zoom платформасында студенттер арасында "Абай әлемі"-"Мир Абая" студенттік өнер жалпыұлттық онлайн-фестивалінің I кезеңі (іріктеу кезеңі) ұйымдастырылып, өткізілді.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді- «Абай Әндері» «Абай Өлеңдері», «Абайдың Қара Сөздері».

Осы іріктеу байқауының аясында әр түрлі номинацияларға 25-тен астам студент қатысты, әр студент өзінің жеке бастамасы мен барынша талантын көрсетті.

Іріктеу қорытындысы бойынша келесі студенттер 1-орынға ие болды:

"Абай Әндері" Номинациясында - Әлібек Алина

"Абай Өлеңдері" Номинациясында - Ерболсынұлы Асылжан

"Абайдың Қара Сөздері"- Есенбаева Шарапат 

Қазылар алқасының шешімі бойынша іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша мәлімделген номинациялар бойынша І орын алған студенттер 2020 жылғы 4-5 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтетін республикалық онлайн - фестивальға қатысуға ұсынылды.

Осы іс-шараға қызығушылық танытқан және қатысқан барлық студенттерге алғыс айтамыз!

Студия разработки сайтов «IDSGroup»