13 қыркүйек 2019 жылы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында «Конституция: оқыту, тәрбие, мәдениет, патриотизм» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел қазіргі және болашақ Конституцияның сұрақтарына, құқықтық білім беру, мемлекеттің құқықтық бағытына, егемен Қазақстанның қазіргі таңдағы конституциялық құрылысына, адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заңгер кадрларын іріктеу және даярлауға арналған.
Дөңгелек үстелге қазақстандық заңгер-ғалымдар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ, МЕҰ қатысты.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы.