05 сәуір 2019 жылы сағат 10-00 Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында «Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі өзекті мәселелері (2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезең)» тақырыбындағы Сапаргалиев оқулары аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Өткізілген конференция Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру (2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезең) аясындағы құқықтық саясат және замануи ғылымның өзекті мәселелеріне зерттеушілердің зор ғылыми қызығушылығын көрсетті.
Конференция барысында 2010 жылдан 2020 жылдар аралығындағы құқықтық саясат тұжырымдамсының негізгі бағыттарын жүзеге асырудағы саяси құқықтық аспектілер қарастырылды.
Сонымен қатар, конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және басқа құқық салаларындағы заңнамаларды ары қарай жетілдіруде мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, мемлекеттік бақылау және қадағалау, Қазақстандағы әкімшілік- құқықтық реформаны жүзеге асыру сұрақтары қарастырылды.
Халықаралық ғылыми- теориялық конференцияға шетел ғалымдары, қазақстандық заңгер-ғалымдар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ, МЕҰ қатысты.