«Әл-Фарабидың рухани мұрасы» атты дөнгелек үстел

Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 302

Әбу-Насыр Әл-Фарабидың туғанына 1150 жыл толуы қарсаңында «Әл-Фарабидың рухани мұрасы» атты дөнгелек үстел

a1

29 қаңтарда Қазақстан Жазушылары кітапханасында Әбу-Насыр Әл-Фарабидың туғанына 1150 жыл толуы қарсаңында «Әл-Фарабидың рухани мұрасы» атты дөнгелек үстел және кітап көрмесінің тұсау кесері өтті.

a2

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Әл-Фарабидің ғылыми мұрасының көпқырлы қызметі мен өмірімен таныстыру. Іс-шараны кітапхана меңгерушісі Елена Ағайса ашып, кітап көрмесімен таныстырды. Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Даулетбек Байтұрсынұлы отырысты жүргізді. Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ҚХА кафедрасының меңгерушісі, профессор Батталханов Болысбек Заманбекұлы, ақын Жұмаш Кенебай, Достық медиация кабинетінің жетекшісі Әлтекова Нұрсауле Әбдіқадірқызы қатысты. Әл-Фараби іліміне қайта оралу, танып білу, ұлт мүддесіне жарату-таусылмас рухани азық, баға жетпес рухани құндылық екені жайлы айта келе жастарды әрі қарай кеңінен зерттеуге және насихаттауға шақырды.

a3

Академия студенттері Әбу-Насыр Әл-Фарабидың өмірімен, шығармашылығымен, танысты.

Студия разработки сайтов «IDSGroup»