«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»

Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 1692

322 қаңтарда Қазақстан Жазушылары кітапханасында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған іс-шара өтті. Мақсаты жастарға қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен әлем аренасына насихатталу жолдарын талқылау. Жиынға ақын-жазушылар, ғалымдар, Әуезов ауданы әкімдігі өкілдері, ұстаздар, кітапхана оқырмандары қатысты. Отырысты Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы ашып берді. Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясының ҚХА кафедрасының меңгерушісі, профессор Батталханов Болысбек Заманбекұлының арнайы дайындаған баяндамасы Қасым-Жомарт Кемелұлының өзекті мақаласын жиналған көпшілікке жан-жақты жеткізіп, мақаланың әрбір тарауларына жеке-жеке тоқталып өтті. 1. Ұлттық болмыстың үлгісі; 2. Мемлекет ісінің мүдделесі; 3. Жаңа қоғамның жанашыры; 4. Әлемдік мәдениеттің тұлғасы; 5. Торқалы тойдың тағылымы. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл мақаласында өзі айтқанындай, сөзден іске көшу керекпіз, Абай атамыздың мұралары арқылы, өскелең ұрпақ бойына адамгершіліктің, адалдықтың, еңбекқорлықтың, парасаттылықтың дәнін егу керекпіз. Абайдың 175 жылдық мерейто­йына қоғамдық сананы жаңғыртатын, еліміздің дамуына сер­пін беретін іс-шара ретінде зор мән беріп, нақты іспен көрсету керекпіз» - деді жазушы-этнограф Болат Бопайұлы. Сонымен қатар жиында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғұсман Елеуұлы, Достық үйі Медиация кабинетінің жетекшісі Әлтекова Нұрсауле Әбдіқадірқызы, ұстаз Шахтемірқызы Ақмарал өз ойларын ортаға салды. Кітапхана меңгерушісі Елена Ағайса кітап көрмесімен таныстырды. Қатысушы жастар Абай шығармашылығынан көрініс көрсетіп, әндерін орындап, өлеңдерін оқыды.

1

 

 

 

Студия разработки сайтов «IDSGroup»