Академия қабырғасында Жастар жылына байланысты өзекті мәселеге өткізілген пікірсайыс.
3 қазан күні «ARBITRAGE» ғылыми-пікірсайыс клубының 2 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР жастарында патриотизмді дамыту механизмін ұсынады атты тақырыпта 1 курс студенттері арасында АПФ форматында пікірсайыс өткізілді. Іс-шараны з.ғ.д., профессор , академия ректоры Жалаири Өмірәлі Шакарапұлы алғы сөзбен ашып берді.
Пікірсайыс барысында үкімет- «Арбитраж» фракциясы өз кейсін ұсынып, оған оппозиция -«Фемида» фракциясы жалынды қарсылықтар білдіріп, өз ұсыныстарын қорғап шықты. Кеш қонақтары Қалалық Ардагерлер Кеңесінің беделді мүшелері болды. Оларға спикерлердің идеялары ұнап қана қоймай, сөйлеу мәнері мен сыни ойлау қабілеттері де көздеріне түсті.Қонақтар да және кешге келген өзге де студенттер тақырыпқа қызығушылық білдіріп,сұрақтар мен қатар пікірлерін де айта отырды.
Ойынға «ARBITRAGE» ғылыми-пікірсайыс клубының аға буындары мен Президенті төрешілік етіп, жеңіс оппозиция-«Фемида» фракциясына беріліп,қонақтарымыздан қолынан марапаттау дипломдары берілді.