Заң ғылымдарының докторы, профессор Владимир Александрович Кимді еске алуға арналған «Қазақстандық конституционализм: мәселелер мен шешімдер» атты тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
15 қараша 2019 жылы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлескен Заң ғылымдарының докторы, профессор Владимир Александрович Кимді еске алуға арналған «Қазақстандық конституционализм: мәселелер мен шешімдер» атты тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Владимир Александрович Кимді еске алуға арналған кеңсенің салтанатты ашылуы болды.
Өткізілген конференция қазақстандық конституционализм мен қазіргі ғылымның өзекті мәселелеріне зерттеушілердің зор ғылыми қызығушылығын көрсетті.
Конференция барысында Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарын іске асырудың саяси-құқықтық аспектілері қарастырылды.
Сонымен қатар, Қазақстанда конституциялық-құқықтық реформаны жүзеге асыру, мемлекеттің Негізгі Заңының потенциалын ашуға, конституциялық құқық саласындағы заңнаманы, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және басқа салалардың конституциялық негіздерін одан әрі жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, екі дөңгелек үстел ұйымдастырылды: «Қазақстан конституционализмін жетілдіру тұрғысындағы қылмыстық саясат мәселелері» және «Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының конституциялық негіздері» тақырыптарында өтті.
Дөңгелек үстелдерде мәселелер белсенді талқыланды, сонымен қатар зерттеу нәтижелері мен халықаралық тәжірибе алмасу, қорытындылар мен ұсыныстар қарастырылды.
Халықаралық ғылыми- теориялық конференцияға қазақстандық және шет елдік заңгер-ғалымдар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері БАҚ қатысты.