Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ҚҚҚ-18 ҚБ-2 топ бірінші курс студенттері мен куратор Мурабилдаева М.А. ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы №2 мемлекеттік ақыл есі жетілмеген балаларға арналған арнайы бала бақшаға балалармен кездесуге барды.
 
![]() |
 
Ашылу салтанатын өткізуге балабақша меңгерушісі Зипарова Г.А. сөз кезегі берілді. Кейін шығармашылық топпен әндерге кезек беріп, әнші студенттер өз өнерлерін ортаға салды. Тек әнмен шектелмей «шалқан» ертегісі де қойылды.
Осыдан кейін топ студенттері « Жұлдызша » тобындағы балалармен кездесті.
 
![]() |
 
2 қараша студенттер мен балаларға ұмытылмас естелік болып қалды. Балабақша меңгерушісі Зипарова Г.А. Алғыс хатпен марапаттады және алғысын айтты.