Үлкен өмірге қадам

Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 458

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының түлектері 20-21 маусым аралығында үлкен өмірге қадам басты. Екі күн бойы оқу ордасын тәмамдаған 353 студент көптен күткен дипломдарын қолдарына алып, бакалавр және 167 магистрант атанды.

Төрт жыл бойы көздің майын тамызып, білім айдынында жүзген студенттер үшін бұл көптен күткен сәт. Екі күн бойы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының бітіруші түлектерге диплом табыстау салтанаттары өтті. Бірінші болып академия үлкен өмірге бакалавр және магистрант түлектерін аттандырды. Енді толыққанды маман иелерін көптен күткен дипломдарымен заң ғылымдарының докторы, профессор Академия ректоры Жалаири Өмірәлі Шакарапұлы құттықтап, сәт сапар тіледі.

Академия түлектерін құттықтауға «Президент және Халық» газетінің бас редакторы- Марат Тоқашбаев, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының профессоры, сырнайшы, әнші-сазгер Исағұлова Ағайша Шермұхамбетқызы, Досмұқасан ансамбльінің әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі-Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков келіп жылы лебіздерін білдіріп құттықтады.

Ең алдымен төрт жыл бойы тек беске оқып, оқуын үздік тәмамдаған студенттерге қызыл дипломдар табысталды. Олардың саны биыл 25 студент.

Айта кететін жәйт, диплом табыстау салтанаттарының бәрінде Академия өміріне және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан, оқуда жетістіктерге жетіп, өзін жақсы қырынан көрсете білген кешегі студент, бүгінгі жас мамандар ректордың, проректорларының алхыс хаттарымен марапатталды. Үздік түлектерді тәрбиелеген ата-аналар да ұмыт қалған жоқ. Оларға арнайы алғыс хаттар табысталды.

Түлектер үшін 4 жыл ішінде екінші үйге айналған Академия қабырғасымен қоштасу қаншалықты қиын болса, соншалықты қуанышты. Себебі алда оларды үлкен өмір күтіп тұр. Оқу ордасында жинаған кәсіби білімдерін түлектеріміз алдағы уақытта ұтымды пайдаланып, жоғарғы санатты маман иелері атанады деп сенеміз. Кафедра меңгерушілері де, оқытушылар да, ата-аналар да бітірушілерге осыны тілейді.

 

Студия разработки сайтов «IDSGroup»