«Үздік студент – 2018» конкурсының жүлдегері Ульченко Анна

Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 880

Елімізде жыл сайын «Жылдың ең үздік студенті» «Келісім бекеттері» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен республикалық конкурсы өтеді. Конкурсқа Қазақстан жоғарғы оқу орындарының үздік студенттері қатысқан.

Студенттер өздерінің оқудағы, қоғамдық шаралар бойынша жетістіктері жинақталған портфолионы конкурсқа ұсынады.

27 сәуір 2018 ж. Астана қаласында дарынды студент жастары арасынан шыққан үздік студенттердің есімдері айтылды. Олардың арасында біздің Академиямыздың студенті бар: ол, Ульченко Анна, «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенті.

Ульченко Анна «Үздік студент - 2018» медалімен, грамотасымен марапатталды, оның өмірбаяны мен жетістіктері туралы «Жас қыран» кітабында жарияланған. Үздік студент атағын Қазақстан Республикасы елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков табыстады.

Аннаны лайықты атағымен құттықтап, үлкен жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз! Студентіміздің ата-аналарына парасатты ұл мен қыз тәрбиелегендері үшін алғыс білдіреміз!

Студия разработки сайтов «IDSGroup»