Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған “Құлансаз” фольклорлы-этнографиялық ансамблінің концерті өтті

Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 483

28 қараша күні Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Руxани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің концерті өтті.

Бағдарлама барысында «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, бишілер тобы және жекелеген әнші-орындаушылар өнер көрсетті.

Кеш жүргізушілері «Адамның рухани жаңғыруы алдымен өзіне, өзінің армандарына құрметпен қараудан басталады. Өзіне құрметпен қараған әр адам өз елін, өз жерін құрметтейді. Елін, жерін құрметтеген әр азамат – мемлекет патриоты болып табылады» дей келе, кештің мақсатын түсіндіріп, шығармашылық ұжым тарихына тоқталды.

Бағдарлама барысында Қуаныш Жұмағалидың «Замана жыры», Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі, Ескендір Хасанғалиевтың «Айналдым, елім», Мырзатай Жолдасбековтің «Бәйтерек», Манарбек Ежановтың «Қуанамын», Ақан Әбдуәлінің «Елге тілек», Бауыржан Есебаевтың «Қазағымның қанаты» әні мен Қыдырбек Мәлібекұлының «Сүйінбай толғауын», Гүлсезім Тазабек, Алуа Қосанова, Марта Төлепберген, Мақпал Тоқтағанова, Жандос Байбосынов, Әділет Жексембі, Нұрлан Әшімов, Жарас Нақыпбек және басқалар тарту етті.

 

Студия разработки сайтов «IDSGroup»