Қайырымдылық акциясы

Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 364

30 қаңтар 2018 жылы Еуразиялық заң академиясының белсенді студенттері "Аязды жеңеміз" атты қайырымдылық акциясын өткізіп, осы аязды суық күндері Алматы қаласы тұрғындарының көпшілігіне жылу мен жақсы көңіл-күй сыйлады.

Академия студенттері ыстық кофе мен шайды қарттарға, жұмысшыларға және өтіп бара жатқан қарапайым адамдарға табыстады. Біздің қоғамда қайырымдылық жасау өкінішке орай, бәріне тән емес. Мүгедектігі бар адамдарды, көмекке мұқтаж адамдар мен қарт адамдарды байқамайтын адамдар бар. Осы ғаламда мейірімді адамдар көп емес, бірақ олар әлі де бар. Бұл акцияның мақсаты – жылу атмосфераны құру болып табылады.

Біз, әрбір адам мұқтаж жандарға көмек көрсете алатынына сенімдіміз.

Біреуге жақсылық жасасан өзіне екі есе қайтып келеді, өмір заңы сол!!!

 

Студия разработки сайтов «IDSGroup»