Алматы қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Youth Leadearship Workshop аясында «Көшбасшылық күні» тақырыбында семинар-тренинг өтті
- Толығырақ
-
Категория: Жаңалықтар
-
Қаралды: 403
2017 жылдың 7 желтоқсанында Еуразия заң академиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26-жылдығына және Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының 25-жылдығына орай Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының қолдауымен YouthLeadearshipWorkshop «Көшбасшылар күні» тренинг/семинар өтті.
YouthLeadershipWorkshop - ақпарат пен шығармашылық идеяларды бөлісетін және алмастыратын аймақ. Іс-шараның мақсаты - жастардың көшбасшылық дағдыларын дамыту.
Спикерлер Қазақстанның әр түрлі салалардағы жетекші сарапшылары болды, олар:
- Касымбергенбаев Бауыржан Тлеубергенович - Синергия университетінің бас директоры, Жеңімпаздар академиясының вице-президенті;
- Салтанат Казыбаева - Алматы марафонының директоры;
- Адель Оразалинова- Волонтер ұйымының мүшесі, тележүргізуші;
- Аскар Аманбаев – коуч-жаттықтырушы, «music show» ивент агенствосының негізін қалаушы;
- Асхат Абжанов - «Жаңа ұрпақ» көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы.




