2018 жылдың 25 қаңтар күні Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында студенттерге ұлттық рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру мақсатында «Э және ЖББ» кафедрасының аға оқытушысы Умбеталиева Бакыт Қыдырбаевнаның ұйымдастыруымен «Қазақстанның рухани құндылықтары» тақырыбында іс-шара болып өтті.
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері тақырыпқа байланысты қызықты көріністер қойып, қазақтың қара домбырасы мен қобызында әндер, күйлер айтылды.