Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламмен кездесу

Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 600

       2017жылы 13 қазан Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясында көк туымызды көкке желбіретіп жүрген кәсіби боксеріміз Қанат Ислам 1-2 курс студенттерімен кездесті. Кездесу барысында студенттердің бірі өзінің шығарған арнау өлең жолдарын оқып берді. Сонымен қатар, академия студенттері өздерінің қызықты да мәнді сұрақтарына боксердің өзінен жауап алды.

Кеш соңында ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Жалаири Өмірәлі Шәкәрапұлы «Академияның құрметті профессоры» атағын табыстады. Ал қонақжай академия әкімшілігі қазақтың салт-дәстүрі бойынша құрметті қонағына ақ шапан кигізді. Өзін жылы қарсы алған академия басшылығына, студенттерге, Қанат Ислам алғысын білдіріп, естелікке суретке түсті.

Студия разработки сайтов «IDSGroup»