30 наурыз 2017 жылы Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында «Азаматтық құқықтық пәндер» кафедрасы тәжірибе мамандарымен бірлесе отырып «Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің өтуіне Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының доценті, з.ғ.д. А.А. Амангелді, кафедра меңгерушісінің орынбасары, з.ғ.к., доцент Л.М. Абдуллина, аға оқытушылар: А.А. Аманқожаев, М.С. Жумаева, А.А. Байсбаева, Зияткерлік меншікті иеленушілер Бірлестігінің Президенті, физика-математика ғылымдарының кандидаты, зияткерлік меншік бойынша лицензияланған бағалаушы, патенттік сенім білдірілген өкілі Құрманғали Болат Серікұлы, «Азаматтық құқықтық пәндер» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, академия студенттері және т.б. белсенді атсалысты.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасында тауар белгілерін және зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелерін жан-жақты қарастырып, саралау болды.