Өткен жылдың соңында 2016 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушы» атағын беру жөніндегі БҒМ Республикалық
конкурс комиссиясының отырысы болды. ҚР БҒМ 2016 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын заң ғылымдарының докторы, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының «Қылмыстық-құқықтық пәндер және құқыққорғау» кафедрасының профессоры (қосымша жұмыс істеуші) Куаналиева Гульдана Аманғалиевна иемденді.
Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ұжымы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпазын шынайы қуана құттықтайды, Гүлдана Аманғалиевнаға табыстар мен жаңа ғылыми жетістіктер тілейді.