Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы білім саласындағы 28 жылдық тарихында алғаш рет 2021 жылы бітірген түлектеріне өзіндік үлгідегі дипломдарын табыстады. Биыл академияны 836 білімалушылар тамамдады, оның ішінде 731 бакалавр академиялық дәрежесін иеленсе, 15 Құқық магистрі және 90 заң ғылымы магистрі атағын иеленді.
Академияның білім беру сапасы халықаралық және ұлттық аккредиттеу туралы куәліктерімен расталған.
Жаңа үлгідегі өзіндік дипломның бірегейлігі расталады:
1. ҚР Білім және ғылым министрлігінде тіркелген өзіндік үлгідегі дипломның сериясы мен нөмерін QR-код арқылы тексеру. Әр дипломның ҚР Білім және ғылым министрлігі жасаған бірегей сәйкестендіру нөмері ҰББД-да сақталады және белгілі бір білімалушыға байланыстырылған. Бұл кез-келген уақытта дипломның дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Деректердің қауіпсіздігі блокчейн технологиясы мен мәліметтерді шифрлау арқылы қамтамасыз етілген.
2. Диплом бланкісінің жоғарғы оң жақ бұрышында институтционалды аккредиттеуден өткенін растайтын акредиттеу агенттігінің логотипі басылған.
3. Дипломға қосымшада мамандандырылған аккредиттеуден өткендігін растайтын логотип көрсетілген.