11 ақпан 2021 жылы, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының 1-курс студенттеріне, Алматы қаласы Дің істер жөніндегі басқармасы, Алматы қаласы ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, PhD докторы, Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар» атты тақырыпта, Zoom платформасында онлайн дәріс оқыды. Кездесу барысында діңи экстремизм мен терроризм профилактикасы бойынша мәліметтер беріліп, теріс пиғылды діни ағымдардың жетегінде кетіп қалмауға діни сауаттылықты арттыруға кеңестер берілді.