Елімізде жыл сайын «Жылдың ең үздік студенті», «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен республикалық конкурс өтті. Конкурсқа Қазақстан жоғарғы оқу орындарының үздік студенттері қатысты.
Студенттер өздерінің оқудағы, қоғамдық шаралар бойынша жетістіктері жинақталған портфолионы конкурсқа ұсынады.
2020 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында дарынды студент жастары арасынан шыққан үздік студенттердің есімдері айтылды. Олардың арасында біздің Академиямыздың студенті- Жетпіс Дана Маратқызы.
Жетпіс Дана "Үздік студент 2020" медалімен марапатталды, оның өмірбаяны мен жетістіктері туралы осы байқаудың материалдар жинағына жарияланды. Үздік студент атағын онлайн форматта өтті.
Біз студентімізді лайықты марапатпен құттықтаймыз, үлкен жеңістер мен жаңа жетістіктерге жетуге тілектеспіз! Осындай дарынды жастарды тәрбиелегені үшін студенттердің ата-аналарына ерекше алғыс білдіреміз!