Д.А.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЗАҢ АКАДЕМИЯСЫ
Құрметті әріптестер!
Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы Конституциялық, халықаралық құқық және кеден ісі кафедрасы сіздерді дәстүрлі күзгі ғылыми-студенттік конференция аясында 10 қараша күні сағат 14.00-де болатын «Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы қоғамындағы құқықтық сананың жай-күйі» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.
(Сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/8944970539 , пароль:1111)
Дөңгелек үстел тақырыбы алдағы парламенттік сайлау қарсаңында еліміздегі ең өзекті және ерекше тақырып ретінде айқындалған.
Студенттердің үздік баяндамалары грамоталармен марапатталады, мәтіндер жас ғалымдардың ғылыми Еңбектер жинағында жарияланады және халықаралық ғылыми студенттік конференцияға қатысуға ұсынылады.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Құрметпен, Конституциялық, халықаралық құқық және кеден ісі кафедрасы