«Абай және жастар» атты онлайн кездесу

Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 356

b

24 қараша 2020 жылы ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында жастар арасында онлайн кездесу өткізіліп, ақынның ұрпақтарына қалдырған мұрасы жастар арасында дәріптелді.

Кездесуде ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен еңбектеріне шолу жасалды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы бойынша Абайтанушы педагог, жазушы Мұратбек Жақсылықпен талқылау жүргізілді.

Түркі өркениетіндегі Абайдың феномендік тұлғасына тоқталып, Абайдың қазақ жұртына ғана емес, әлемдік рухани өркениеттік тұлғаға айналғаны жөнінде ой қозғалды.

Онлайн кездесуімізге Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының студенттері және Ауыл партиясының белсенді жастары қатысты.

Студия разработки сайтов «IDSGroup»