«Ауыл» партиясымен бірге «Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік бейімделуі» атты тақырыпта онлайн дөңгелек үстел өтті

Категория: Жаңалықтар
Қаралды: 484

a

24 қараша 2020 жылы ауыл жастарының қалаға әлеуметтік бейімделуі атты тақырыпта онлайн дөңгелек үстел өткізілді. Ауыл жастарының қалаға бейімделуі барысында кездесетін әлеуметтік қиындықтар жөнінде ой өрбітіп, мәселелерге байланысты шешімдер табылды.

Дөңгелек үстел барысында жастарда кездесетін әлеуметтік негізгі мәселелерді талқылау жүргізіліп, «Ауыл жастарының дамуы – еліміздің көркейуі» атты баяндама оқылды. Алматы қаласы ЖОО белсенді студенттері, партия мүшелері және кандидаттар қатысты.

Дөңгелек үстел нәтижесінде ауыл жастарының қалаға тез әрі дұрыс бейімделуіне мүмкіндік беретін ұсыныстар тасталды.

Студия разработки сайтов «IDSGroup»