Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академия кітапханасы – Қазақстанның білім саласындағы заманауи кітапханаларының бірі, ҚР ЖОО қауымдастығының мүшесі. Кітапхана 1993 жылы Д.А.Қонаев атындағы Институттың құрылымдық бөлімшесі ретінде негізі қаланды.
Кітапхана қызметінің миссиясы – білім мен ғылым процестерін интеграциялық ақпаратпен қамтамасыз ету.
Кітапхана қорында кітап, газет-журнал, электрондық мәліметтер базасы, интернет-ресурс, электронды түрдегі жан-жақты ақпараттық-библиографиялық қор жинақталды.
Оқырмандар назарына барлық ғылым салалары бойынша отандық және шет елдік басылымдар, аудиовизуалды материалдар және мерзімді басылымдар ұсынылады.
Оқырмандар үшін абонементпен біріктірілген оқу залы, еркін қол жеткізу оқу залы, электрондық ресурстар залы жұмыс жасауда.
Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы кітапханасын пайдаланушылар – студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар мен академия қызметкерлері
Кітапхана Қазақ Автоматтандырылған Кітапханалық Ақпараттық Жүйесімен (КАБИС) жұмыс істейді. Ол өз кезегінде кітапханалық қызмет түрлерін автоматтандыруға, оқырмандарға жылдам қызмет көрсетуге, кітап қорын есепке алуға, кітаппен қамтуға зор мүмкіндік туғызуда.
Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының сайтында Интранет желісінде оқырмандарға тегін қол жетімді:
- Республикалық ЖОО электрондық кітапханасы;
- Заңнамалық «Параграф» Ақпараттатық Жұйесі;
- заңтану мен экономикадан электрондық оқулықтар (СД-ROM);
- толықмәтінді оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдар;
Кітапхана дәстүрлі және электронды ақпарат құралдарында жинақ қалыптастыруға назар аудара отырып, жұмыстың жаңа формалары мен бағыттарын үнемі іздеуде.