БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ: 6В04102 – МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ

Категория: Орта мәзірі
Қаралды: 8087

«Бизнес және басқару» даярлау бағыты бойынша «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы тиісті дайындық бағыты бойынша мемлекеттік білім беру стандарты негізінде республикалық, аймақтық және жергілікті еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.

Білім беру бағдарламасының ерекше өзгешеліктері: бағдарламалық құжаттарды дайындауды және іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР Мемлекеттік құрылымдарымен ынтымақтастық; даярлаудың өзекті бейіні мемлекеттік саясат деңгейінде расталады; бітірушілер цифрлық қоғамның түрлі салаларында талап етілетін және кәсіби іске асыру үшін теңдессіз мүмкіндіктермен қамтамасыз етілетін болады; мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы жүйелі білім, цифрлық технологиялар, басқару және бизнес саласында сандық қоғамның түрлі салаларында қажетті арнайы дағдылар болып табылады. Бейіннің ерекшелігі зияткерлік меншік және интернет-технологиялар саласында мамандарды; ХҚКО мамандарын, мемлекеттік билік органдарының мамандарын, менеджерлер-кәсіпқойлар мен барлық салалардағы экономистерді даярлау болып табылады.

Білім беру бағдарламасының деңгейі: бакалавриат (жалпы орта білім негізінде).

Берілетін дәрежесі 6В04102 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры.

Жалпы кредит көлемі : 240 ECTS.

Оқу нысаны және мерзімі: күндізгі, 4 жыл.

БӘСЕКЕЛІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Цифрлық экономиканы жаһандандыруға байланысты басқару міндеттерін шешу;

Экономиканың жаңа сандық моделі жағдайында және мемлекеттік басқарудағы жаңа технологиялық трендтерді ескере отырып стратегияны әзірлеу;

Мемлекеттік және жергілікті органдарда, коммерциялық ұйымдарда тәжірибеден өту және кейіннен жұмысқа орналасу мүмкіндігі.

Бағдарламаның бірегейлігі фундаменталды-басқарушылық білімі мен қазіргі заманғы технологияларды меңгерген мамандарды даярлау болып табылады.

Мемлекеттік құрылымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында кең базалық білімі бар, ынталы, еңбек нарығы мен технологияларының өзгермелі талаптарына бейімделетін, командада жұмыс істей алатын, сондай-ақ нарықтық инфрақұрылымды дамыту және шаруашылық жүргізудің әртүрлі модельдерін үйлестіру жағдайында әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеу және оларды басқару негіздері саласында терең білімі бар басқарушы мамандар даярлау.

 

ТҮЛЕКТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАРЫ

Жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы базалық білімді меңгеру, кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады

Микро, мезо және макро деңгейлерде шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызметін моделдеу, алынған нәтижелерді талдау және түсіндіру;

Ақпаратты жүйелеу және жинақтау, мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;

Басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде сандық және сапалық талдау әдістерін қолдану және экономикалық, қаржылық және ұйымдастырушылық-басқарушылық модельдерді құру;

Стратегиялық және жедел міндеттерді жүзеге асыру үшін менеджменттің нақты құралдары мен технологияларын, ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеу және қабылдау;

Ақпаратты жинау, өңдеу және тиісті билік органдары мен ұйымдардың қызметін ақпараттандыруға қатысу дағдыларын меңгеру;

Мемлекеттік және жергілікті қызметтің имиджін қалыптастыру мен ілгерілетудің негізгі технологияларын, қоғамдық пікірді қалыптастырудың базалық технологияларын меңгеру;

Әлеуметтік-экономикалық жобаларды (даму бағдарламаларын) әзірлеу, мемлекеттік (жергілікті) бағдарламаларды іске асырудың экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайлары мен салдарын бағалау;

Нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, заң техникасы ережелеріне сәйкес нормативтік құқықтық актілерге қорытындылар дайындау;

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын қалыптастыруға қатысу, олардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру, инвестициялық, инновациялық қызметті ұйымдастыру;

Ұйымдастырушылық-басқару шешімдерін табу, қабылданған басқарушылық шешімнің нәтижелері мен салдарын бағалау және қабылданатын шешімдердің әлеуметтік маңыздылығы тұрғысынан оларға жауапкершілік алуға дайындық. 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Кәсіби қызметінің аясы:

Халық шаруашылығын, әкімшілік-аумақтық таксондарды басқару, ұлттық компанияларда, елдің түрлі кәсіпорындарында менеджер және экономист. Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері: ҚР Президентінің Аппараты мен Әкімшілігі; ҚР Парламентінің аппараты; ҚР Үкіметінің әр түрлі құрылымдық бөлімшелері; экономика мен қаржыны басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер); жергілікті басқару органдары (аудандар, қалалар, облыстар әкімдіктері) және атқарушы органдардың аппараттары; ұлттық мемлекеттік және жеке компаниялар, концерндер мен корпорациялар және т.б. болып табылады

Мынадай ұйымдармен бағдарлама бірлесіп жасалған: РММ «Алматы облыстық қазынашылық департаменті», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Форте банк» АҚ, РММ «Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті», РММ «Қарасай аудандық қазынашылық басқармасы», Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігінің аппараты.

АКАДЕМИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАСАЙДЫ:

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен (Мәскеу қ., Ресей);

Черноризц Храбра атындағы Варна еркін университеті (Варна қ., Болгария);

Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институтымен (Алматы қ., Қазақстан);

Башқұрт мемлекеттік университетімен (Уфа қ., Ресей);

Урал мемлекеттік заң университетімен (Екатеринбург қ., Ресей);

Ташкент мемлекеттік заң университетімен (Ташкент қ., Өзбекстан);

The International Peace Leadership College (Филиппин);

Katowice School Economics (Катовице қ., Польша);

Universitat Potsdam (Потсдам қ., Германия).

 

Студия разработки сайтов «IDSGroup»