Қабылдау комиссиясы

Категория: Қосымша мәзір
Қаралды: 6425

д.а. қонаев атындағы евразиялық заң академиясы

Бай дәстүрі, оқу және ғылыми жұмыстарға байланысты көп жылдық тәжірибесі бар Д.А. Қонаев атындағы Евразиялық заң академиясы - 1993 жылдан бастап кәсіби шеберлігі жоғары заң мамандарын даярлауды жүзеге асыруда. Академия 22 жыл бойы табыстан табысқа жете отырып 40000-нан астам жоғары деңгейлі мамандар әзірледі. Академия түлектері Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне байланысты барлық құрылымдарында (прокуратурасы, ІІМ, ХҚК, сот, әділет, кеден) жұмыс істейді.

Д.А. Қонаев атындағы Евразиялық заң академиясының дипломы – баянды жарқын болашақтың кепілі.

Қабылдау ережелері

Академияның  Қабылдау комиссиясы 01 маусым мен 25 тамызда аралығында түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін күн сайын жұмыс істейді.

Талапкерлердің оқуға түсу туралы өтініштері кешенді тестілеу немесе ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ бұдан әрі) нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарына сәйкес, ағымдағы жылдың 01 маусымнан 25 тамыз аралығында қабылданады.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер 20 маусымнан 9 шілдеге дейін  қабылданады.

Кешенді тестілеу келесі түлектер үшін жүргізіледі:

• жалпы орта білім(Орта мектептен кейін), өткен жылғылар;

• техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары(колледжден кейін);

• шетелде халықаралық алмасу арқылы оқытылған орта мектеп оқушылары;

• ҰБТ-ға қатыспаған орта мектеп;

• қазақ және орыс тілдерінде оқыту жүргізілмейтін жалпы білім беретін мектеп;

• ұлттық музыка мектеп-интернаттарының;

• шетел оқу орындарының түлектері.

Кешенді тестілеу 17 - 23 шілде аралығында өткізіледі.

Екінші жоғары білім алу үшін өтініштер 20 маусымнан 25 тамыз аралығында қабылданады.

Магистратураға құжаттарды қабылдау 10 шілдеден бастап 30 шілдеге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау емтихандары – 10 - 20 тамыз аралығында. 

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларымен мына сілтемеге өту арқылы таныса аласыз.

Академия келесі мамандықтар бойынша мамандар дайындайды:

   БАКАЛАВРИАТ

v      Орта мектепті бітіргендер үшін

v      Колледж бітіргендер үшін (тек төл мамандығына сай)

Даярлау бағыты 6B042 | 0420 – ҚҰҚЫҚ

6В04201

Құқықтану

6В04204

Сот-құқық қорғау қызметі

6B04207

Сот-прокурорлық қызметі

6В04202

Халықаралық құқық

6В04208

Халықаралық құқық, екі шет тілін меңгерген халықаралық заңгер

6В04203

Кеден ісі

6В04209

Кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау

6В04210

IT-заңгер

       Даярлау бағыты 6B123 | 1032 – Қоғамдық қауіпсіздік

6B12301

Құқық   қорғау қызметі

6B12302

Тергеу-криминалистикалық қызметі

Даярлау бағыты 6B041 | 0410 - Бизнес және басқару

6В04101

Қаржы

6В04102

Мемлекеттік және жергілікті басқару

     Жоғары білімнен кейін

- қашықтықтан оқып екінші жоғары білім аласыз.

Қашықтықтан оқыту – заманауи ақпараттық және телекоммуникалдық технологияларды қолдана отырып білім алу үрдісі. Ол оқытушы мен оқушның жүзбе-жүз дидарласпай-ақ қашықтықтан оқытуды білдіреді.                       

МАГИСТРАТУРА

Магистрлық оқу -  жоғары кәсіби білімнің екінші деңгейі.

Магистратурада мамандарды даярлау екі бағытта жүзеге асады:

          салалық – 1 жыл;

          ғылыми-педагогикалық – 2 жыл.

Магистратура тек күндізгі бөлімде оқытылады.

Даярлау бағыты  7М042 | 0420 - Құқық

7M04201

Құқықтану-1жыл

7M04201

Құқықтану-2жыл

7M04202

Халықаралық құқық-1жыл

7M04202

Халықаралық құқық-2жыл

7M04205

Жаһандану жағдайындағы халықаралық құқық- 2 жыл


Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы 2022-2023 оқу жылына,

күндізгі оқыту нысанына түсетін талапкерлерге ұсынылатын

ЖЕҢІЛДІКТЕР


Жеңілдік түрлері

Жеңілдік көлемі және мерзімі

1.

Көп балалы отбасы

10% - 2022-2023 оқу жылына

2.

Бір отбасынан екі адам оқуға

қабылданған жағдайда екінші студентке

 

10% - 2022-2026 оқу жылына

3.

Толық емес отбасы

10% - 2022-2023 оқу жылына

4.

Қалалық олимпиада жүлдегері 1 орын

10% - 2022-2023 оқу жылына

5.

Үздік аттестат/диплом

10% - 2022-2023 оқу жылына

6.

Әкесі не анасы 1-2 топтағы мүгедек

болса

 

10% - 2022-2023 оқу жылына

7.

Ғылыми және республикалық жетістіктер

1-орын жеңімпазы

 

10% - 2022-2023 оқу жылына

8.

Студент егер 3 топтағы мүгедек болса

10% - 2022-2023 оқу жылына

9.

Д.А.Қонаев атындағы Колледждің, басқа да Колледждерді қызыл дипломмен

бітірген түлектерге

 

 

10% - 2022-2023 оқу жылына

10.

Спорт шебері кандидаты

10% - 2022-2023 оқу жылына

11.

Толық емес және көп балалы отбасы

10% - 2022-2023 оқу жылына

12

Толық жетім

30% - 2022-2026 оқу жылына

13

Студент егер 1-2 топтағы мүгедек болса

30% - 2022-2026 оқу жылына

14

ҰБТ балы 90-нан жоғары - 99 дейін

10% - 2022-2023 оқу жылына

15

ҰБТ балы 100-ден жоғары - 120 дейін

20% - 2022-2023 оқу жылына

16

ҰБТ балы 121-ден жоғары - 140 дейін

30% - 2022-2023 оқу жылына

17

«Жеті жарғы» олимпиадасының

финалистеріне

 

30% - 2022-2026 оқу жылына

18

«Жеті жарғы» олимпиадасының грант

йегері

 

100% - 2022-2026 оқу жылына

19

Ректордың гранты

100% - 2022-2026 оқу жылына

20

"Алтын белгі" иегерлеріне

30% - 2022-2026 оқу жылына

21

2022 жылы Д.А.Қонаев атындағы бакалавр дәрежесін алып,

магистратураға түсетін студенттерге

 

 

10% - 2022-2023 оқу жылына


оқуға түсуге қажет құжаттар
:

1.      Білім туралы құжат (аттестат, диплом) қосымшасымен (түпнұсқа);

2.      Жеке куәлік (көшірмесі)

3.      3х4 көлеміндегі фотосурет – 6 дана;

4.      Медициналық анықтама  075-У, 063 үлгілері (флюорографиялық суретті қоса өткізу);

5.      ҰБТ/КТ-тің сертификаты (мектептен және колледжден кейін)

6.      Әскерге тіркелу куәлігінің көшірмесі (әскери міндеттілер үшін, тек күндізгі оқуға)

7.      Бастапқы жарна  - бір жылдық оқу ақысының 25% пайызы

Академияның қабылдау комиссиясы 2020 жылдың 25 тамызына дейін күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліссіз әрі демалыссыз жұмыс істейді.

біздің мекен-жайымыз

050022, Қазақстан Республикасы,

Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі,107

тел: +7(701) 5131155

Whats up: 8 701 513 11 55

Ректордың қабылдау бөлімі: +7(727) 3507888

факс: +7(727) 292 98 77

http: www.vuzkunaeva.kz

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Студия разработки сайтов «IDSGroup»