Қабылдау ережесі

Категория: Қосымша мәзір
Қаралды: 2137

      Магистратураға түсуге өтініштерді қабылдау 10 шілдеден 30 шілдеге дейін, түсу емтихандары 10 тамыздан 20 тамызға дейінгі аралықта жүргізіледі. 

1. Д.А. Қонаев атындағы еуразиялық заң академиясының магистратурасына жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша кәсіби оқу бағдарламасын меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар түсе алады.

2. Магистратураға қабылдау шет тілі және мамандық бойынша түсу емтихандары қорытындылары негізінде жүргізіледі.

3. Жалпыевропалық стандарттарға сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар, Қазақстан Республикасының азаматтары келесі емтихандардан:

ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP-460 баллдан кем емес), Test of English as a Foreign Language, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, өту баллы 87 кем емес), (TOEFL, өту баллы -560 кем емес), International English Language Tests System (IELTS, өту баллы-6.0 кем емес);

неміс тілі:Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH,Niveau C1/деңгей С1;

француз тілі: Test de Francais InternationalTM (TFI – оқу және дыбыстау секциясы бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise (DELF, В2 деңгейі), DiplomeApprofondi de Langue franзaise (DALF, C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF- 400 баллдан кем емес) болған жағдайда, шет тілі бойынша магистратураға түсу емтиханынан босатылады.

Магистратураға түсуші шет ел азаматтары мамандық бойынша және мемлекеттік немесе орыс тілінде (оқыту тілінде) түсу емтихандарын тапсырады.

 

Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

1.Магистратураға түсуші талапкерлер түсу емтихандарын тапсырады:

1) таңдау бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс тілі және араб тілі бойынша (мамандыққа түсуші тұлға араб тілі білімін талап еткен жағдайда);
2) мамандық бойынша.

2. Магистратураға түсуші шет ел азаматтары мамандық бойынша және оқыту тілі бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі) түсу емтихандарын тапсырады.  

3. Мемлекеттік, орыс және шет тілінде түсу емтихандары ҚР БжҒМ Ұлттық тестілеу орталығымен дайындалған технология негізінде өткізіледі.

4. Мамандық бойынша түсу емтихандары академияның Ғылыми кеңесімен бекітілген бағдарламалар негізінде өткізіледі.

5. Мамандық бойынша түсу емтихандарын өткізу кестесі академия ректорымен бекітіліп, емтихан өткізуге дейін жиырма күнтізбелік күн ішінде  ҚР БжҒМ-не ұсынылады.

6. Түсу емтихандарының қорытындылары емтихан аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде академияның қабылдау комиссиясының сайтында жарияланады.

7. Түсу емтиханының қорытындысымен келіспеген жағдайда, талапкер түсу емтихандарының қорытындысы жарияланған келесі күннен бастап 12 сағат ішінде, емтихан билеттерінің, бағдарламаның мазмұны бойынша аппеляциялық комиссия төрағасының атына жазбаша аппеляциялық шағым түсіре алады.

8. Аппеляциялық комиссия әрбір өтінішті өтініш түскен күннен бастап бір күн ішінде қарастырады. Өтініш берген тұлға, аппеляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның өтініші қаралмайды.

9. Өтініш берушіге түсу емтихан қорытындысының баллын қайта қарау шешімі академияның аппеляциялық комиссиясымен аппеляциялық өтінішті қарау күнінде қабылданады.

10. Аппеляциялық комиссияның шешімі талқыланбайды.

Студия разработки сайтов «IDSGroup»