Кітапхана ережесі

Категория: Demo
Қаралды: 11361

ЕРЕЖЕСІ

Кітапхана өз қорында бар кітаптарды, газет, журналдарды басқа да құжаттарды оқырмандарға уақытша пайдалануға мұмкіндік береді.

   Жоғары оқу орындарының ерекшелігіне және оқырмандардың ақпараттық сұранысына байланысты қор құру дәстүрлі ақпарат жүйесімен қатар оның басқа да жаңа түрлерін қолдану, кітапхананың ақпараттық-библиографиялық жұмысын ұйымдастыру және жүргізу

1.Оқырмандар міндеттері 

- Әдебиет алу үшін оқырман билетін немесе жеке күәлігін көрсетіп, әрбір алған басылым үшін кітап формулярына қол қоюға;

- Кітаптарға, басқа да баспа туындылары мен кітапхана мүлігіне ұқыпты қарауға;

- Басылымды алар кезде оқырмандар мұқият қарап шығады. Қандай да бір ақау табылған жағдайда бұл жөнінде кезекші кітапханашыға мәлімдейді.алған жағдайда кітапті бүлдіргені үшін басылымды соңғы пайдаланған оқырман жауап береді.

-   Кітапханадан алған басылымдарды белгіленген мерзімде қайтаруға.

Басылымды жоғалтқан немесе бүлдірген оқырмандар оны дәл сондай басылыммен алмастырады, ал ол мүмкін болмаған жағдайда басылымның 3-есе (үш) құнын Академия кассасына төлейді.

2.Кітапхананың міндеттері

- оқырмандарға кітапханада көрсетілетін барлық қызмет түрлері жайлы ақпарат

беруге, әрі тегін қызмет көрсетуге;

- оқырмандардың сұранысын кітапханадағы бар материалдармен жан-жақты

қанағаттандыруға;

- оқырмандардың қажетті әдебиетті, баспа және электрондық басылымдарды

таңдауына көмек көрсетуге.

3. әдебиеттерді пайдалану мерзімі және берілетін басылымдар саны;

     - Күндізгі және сырттай оқытын бөлімдегі студенттерге, магистрларға кітап бір ай мерзімге- 8 данаға дейін оқу әдебиеттері беріледі;

     - Сирек және құнды басылымдар, басылымның соңғы данасы үйге берілмейді.

     - Кітаптарды уақытында қайтармаған оқырмандар әрбір кешіктірілген күн үшін 50 теңге мөлшерінде айыппұл Академияның кассасына төлейді.

Студия разработки сайтов «IDSGroup»