Академияның негізін қалаушы – заң ғылымдарының докторы, профессор Жалаири Өмірәлі Шакарапұлы өзінің ғылыми педагогикалық қызметін С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетінің ассистенті болып бастап, 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-нің «Қонституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасын басқарып, ірі заңгер-ғалым әрі көрнекті ұйымдастырушы ретінде қалыптасқанға дейінгі барлық негізгі кезеңдерді бастан өткерген жан. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Өмірәлі Шакарапұлы біздің еліміздегі озық ойлы қоғамдық қайраткерлердің арасында ерекше орынға ие. Ол беделді ғалым және көрнекті қоғам қайраткері. Алматы облысының және Ескелді, Кербұлақ аудандарының Құрметті азаматы.
2003 жылдан бері Жалаири Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы құқықтық саясат Кеңесінің мүшесі, сөйтіп, Қазақстанды нағыз құқықтық мемлекетке айналдыру сияқты күллі еліміз үшін өзекті мәселелерді талқылауға белсене қатысуда. 2005 жылы тамыз айында «Заңгерлер әділетті сайлау үшін» Республикалық Бірлестігі құрылып, оның Алматы облысындағы Басқармасының Төрағасы әрі сайлауды бақылау жөніндегі Комитеттің Үйлестіруші Кеңесінің Төрағасы болып Өмірәлі Шакарапұлы Жалаири сайланды.
Профессор Жалаири Қазақстан Республикасының Кримонологиялық ассоциациясының президенті және Ресей криминалистер және криминологтар Одағының Орта Азиядағы әрі Қазақстандағы өкілі, халықаралық заңгерлер Одағының мүшесі. 2007 жылы конституциялық реформа кезеңінде профессор Жалаири Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы – Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Жұмыс тобының мүшесі болды. Сонымен қатар 2017 жылы профессор Жалаири мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі Жұмыс комиссиясының мүшесі болып сайланды.
Оның басшылығымен 6 докторлық және 70-тен аса кандидаттық диссертациялар қорғалды. 2012 жылы Петров ғылым және өнер академиясының (Санкт-Петербургте) корреспондент-мүшесі болып сайланды. Қазақстан жоғары мектебі ғылыми академиясының академигі, Қазақстан Педогогика Ғылымдары Академиясының мүшесі (академигі) профессор Жалаири отандық ғылымға сіңірген еңбегі және отандық білім беру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен, «Конституцияның 10 жылдығы», «Конституцияның 20 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталды.
Адрес: 050022,Республика Казахстан,г.Алматы,ул.Курмангазы 107, уг.ул.Байтурсынова, каб. 404.
телефон: +7 (727) 3507888 факс: 2929877
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.