Академияның негізін қалаушы – заң ғылымдарының докторы, профессор Жалаири Өмірәлі Шакарапұлы өзінің ғылыми педагогикалық қызметін С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетінің ассистенті болып бастап, 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-нің «Қонституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасын басқарып, ірі заңгер-ғалым әрі көрнекті ұйымдастырушы ретінде қалыптасқанға дейінгі барлық негізгі кезеңдерді бастан өткерген жан. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Өмірәлі Шакарапұлы біздің еліміздегі озық ойлы қоғамдық қайраткерлердің арасында ерекше орынға ие. Ол беделді ғалым және көрнекті қоғам қайраткері. Алматы облысының және Ескелді, Кербұлақ аудандарының Құрметті азаматы.
2003 жылдан бері Жалаири Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы құқықтық саясат Кеңесінің мүшесі, сөйтіп, Қазақстанды нағыз құқықтық мемлекетке айналдыру сияқты күллі еліміз үшін өзекті мәселелерді талқылауға белсене қатысуда. 2005 жылы тамыз айында «Заңгерлер әділетті сайлау үшін» Республикалық Бірлестігі құрылып, оның Алматы облысындағы Басқармасының Төрағасы әрі сайлауды бақылау жөніндегі Комитеттің Үйлестіруші Кеңесінің Төрағасы болып Өмірәлі Шакарапұлы Жалаири сайланды.
Профессор Жалаири Қазақстан Республикасының Кримонологиялық ассоциациясының президенті және Ресей криминалистер және криминологтар Одағының Орта Азиядағы әрі Қазақстандағы өкілі, халықаралық заңгерлер Одағының мүшесі. 2007 жылы конституциялық реформа кезеңінде профессор Жалаири Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы – Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Жұмыс тобының мүшесі болды. Сонымен қатар 2017 жылы профессор Жалаири мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі Жұмыс комиссиясының мүшесі болып сайланды.
Оның басшылығымен 6 докторлық және 70-тен аса кандидаттық диссертациялар қорғалды. 2012 жылы Петров ғылым және өнер академиясының (Санкт-Петербургте) корреспондент-мүшесі болып сайланды. Қазақстан жоғары мектебі ғылыми академиясының академигі, Қазақстан Педогогика Ғылымдары Академиясының мүшесі (академигі) профессор Жалаири отандық ғылымға сіңірген еңбегі және отандық білім беру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен, «Конституцияның 10 жылдығы», «Конституцияның 20 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталды.
Адрес: 050022,Республика Казахстан,г.Алматы,ул.Курмангазы 107, уг.ул.Байтурсынова, каб. 404.
телефон: +7 (727) 3507888 факс: 2929877
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Дархамбаева Кәшипа Рахымбековна – қаржы және жалпы мәселелер бойынша проректор.
1970 жылы С.М.Киров атындағы Қаз.МУ-дің заң факультетін бітірді. 1968-1982 жылдар аралығында Талдықорған аудандық атқару комитетінде, Алматы қаласындағы Ленин ауданының аудандық тұрғын үй басқармасында бас бухгалтер болып қызмет атқарды.
1982-1989 жылдар аралығында Абай атындағы Қаз ПИ-да кадр бөлімінің бастығы әрі заңгер болып жұмыс істеді. 1990-1994 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-де заңгер кеңесші қызметінде болды.
Жоғары оқу орындарында орасан зор іс-тәжірибесі бар, ол Академияның негізін салушылардың бірі. 1993 жылдан бастап қазіргі таңға дейін қаржы мәселелері бойынша проректор әрі қаржы және шаруашылық мәселелеріне басшылық жасайды.
Академияда жұмыс істеген жылдары материалдық-техникалық базаны дамытуға және нығайтуға, білім беру жүйесін және жаңа ғимараттар құрылысын техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосты. Жаңа ғимараттардың құрылысы К.Р.Дархамбаеваның тікелей басшылығымен жүзеге асты.
2003 жылы білім беру ісін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің алғыс хаты тапсырылды. 2008 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталды. 2017 жылы «Білім беру ісінің үздігі» құрметті атағы, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің білім беру және ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін мақтау грамотасы берілді. Төрт бала тәрбиелеп өсірді, бәрі де қазір жоғары білім беру жүйесінде қызмет етеді, ғылыми дәрежелері бар.
кабинет 405, 4 этаж
телефон: +7 (727) 3507888. вн.204
Өмірәлі Жазира Өмірәліқызы – бірінші проректор, заң ғылымдарының докторы, азаматтық құқық пәні кафедрасының доценті.
2000 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясын заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша тәмәмдады. 2005 жылы Д.А.Қонаев атындағы университеттің аспирантурасын бітірді. 2006 жылы «Қазақстан Респуликасы мемлекеттік тетігіндегі сот билігі» тақырыбында кандидаттық, 2010 жылы «мемлекеттік-ұйымдастырушылық қоғамдағы сот билігі: қызметтің теориялық-құқықтық, ұйымдастырушылық негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2012 жылы ғылым саласындағы табыстары үшін ҚР ҒБМ-нің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 50 шақты мақаласы, 3 монографиясы жарық көрді. ЖОО-ның ғылыми-әдістемелік және басқару саласында кәсіби шеберлігін жоғарылатуды жалғастыруда және академия студенттерімен жұмыс істеу барысында өзінің кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіруде.
кабинет 404А, 4 этаж
телефон: +7 (727) 3507888. вн.212
email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Өмірәлі Әлима Өмірәліқызы – инновациялық технологиялар және жалпы мәселелер жөніндегі проректор, з.ғ.к., конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-тін маркетинг мамандығы бойынша, сондай-ақ Д.А.Қонаев атындағы заң университетін құқықтану манадығы бойынша бітірді. 2010 жылы құқықтану бойынша «ҚР сот билігінің әлеуметтік-бақылау функцияларын дамыту мәселелері»тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. ҚР сот билігі мәселелерін зерттеумен айналысады. ҚР білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
кабинет 405, 4 этаж
телефон: +7 (727) 3507888. вн.777
email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Алибаева Гүлнар Айтжановна – ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі проректор, заң ғылымдарының докторы, доцент.
Свердлов заң институтын бітірді. 1998 жылы – 10.00.02 «Жергілікті атқарушы органдар қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін дамыту» тақырыбында кандидаттық қорғады.
2010 жылы 12.00.02.мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасы атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесін жетілдірудің теориялық проблемалары» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
1995 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Д,А.Қонаев атындағы академияда жұмыс істейді.
1995ж.- Аға оқытушы, мемлекеттік құқық пәні кафедрасы меңгерушісінің орынбасары; 1998-2005 ж.ж. университет деканы. 2001ж.- Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының доценті, Д.А.Қонаев университетіндегі Біріккен диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы. 2011ж-ғылыми-зерттеулер жұмысы жөніндегі проректор. 2011 жылдың қаңтарынан бастап Қырғызстан Республикасы Үкіметі жанындағы Қырғыз мемлекеттік заң академиясының Д.12.11.033 Диссертациялық кеңесінің мүшесі. 50-ден астам ғылыми мақалалардың, сондай-ақ оқулықтар мен монографиялар авторы.
Алибаева Г.А. ғылыми, оқу және тәрбие ісі жұмыстарындағы жоғары көрсеткіштеріне орай 2003 жылы «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.
кабинет 62, 6 этаж
телефон: +7 (727) 3507888. вн.266
email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Ильясова Бақтыгүл Қуанышқызы – оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі проректор, заң ғылымдарының кандидаты, доцент.
1996 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық университетін бітірді. 1999 жылы академиялық құқықтық оқу институтын «құқық тану» мамандығы бойынша тәмамдады. 1999-2003 жылдар аралығында Қаз.МЗА аспирантурасында білім алды. 2008-жылы әл-Фараби атындағы ҚҰУ диссертациялық кеңесінде «Қазақтың дәстүрлі құқығындағы салық салу нормалары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
З.ғ.к.Ильясова Б.К. 20 жылдан астам уақыт бойы ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысады, 40-тан астам ғылыми мақаласы, халықаралық жарияланымдары, 1 монографиясы жарық көрді. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихына байланысты Хрестоматияны дайындау жөніндегі 2017 жылғы (1 том) және шетелдердің мемлекет және құқық тарихына байланысты Хрестоматияны 2017 жылғы (1том) авторлар ұжымының мүшесі.
кабинет 405, 4 этаж
телефон: +7 (727) 3507888. вн.206