Пікірлер ата-аналар

Категория: Басты мәзір
Қаралды: 2653

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясының ұжымына

4-курс студенті Таңатарова Эльзаның анасы Демешова Нұржауған Артелбаевнаның пікірі 

   Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды деп атамыз Димаш айтқандай бұл университет Алматы қаласындағы ең киелі, қадірлі шаңырақтардың бірі. Сол университетті басқарып отырған Университет ректоры заң ғылымдарының доктор, профессор Өмірәлі Шакарапұлы мырза. Әрине біз ата-аналар балаларымыз оқып жатқан оқу орнын ерекше бағалаймыз. Себебі оқытып жатқан білімдері өте жоғары. Заман талабына сай озық технологияларды пайдалануда. Балаларымыздың сабақ барысы теория мен тәжірибе бағытында өтеді. Мықты заң саласының майталмандары дәріс береді. Атап айтсақ: Куаналиева Гульдана Амангельдиевна, Дюсебаев Талгат Турашевич, Бегазова Гульнаписа Жандаровна, Абдрахманов Серикказы Толеуович, сияқты профессорлар мен аға оқытушылар дәріс береді.

   Университетте әр түрлі іс шаралар, оның ішінде конференциялар мен семинарлар жиі өтіп отырады. Кәсіби бағдар беру жұмысына белсене араласатындықтарын білеміз. Осындай жұмыстың арқасында жан-жақтан оқуға кеп тапсырған оқушылар да өте көп. Себебі бұл университетте жемқорлықтың жоқтығын, сапалы білім берілетіндігін, оқу орынының болашағы жарқын екендігіне көзіміз жетіп отыр.

   Университет басшылығы тек қана студенттерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп қана қоймай, сонымен бірге бітірген түлектерінің жұмысқа орналасу мәселесіне қатты көңіл бөледі. Тәртіптің қатал болуы, сабақтың жоғары деңгейде өтуі, студенттердің сабаққа қатысымын қатты қадағалауы балаларымыздың болашағы үшін өте маңызды.

   Сол үшін де осы университетті таңдағанымызға қуаныштымын. Бұл университетте, шын мәнінде, сапалы білім берілетіндігіне, жемқорлықтың жоқтығына баса назар аудардық. Ата-аналар университетте болатын түрлі шараларға белсене қатысатындығын, кәсіби бағдар беру жұмысын жандандыратындығын, мұндай ата-аналармен кездесу мәселесі ерекше жаңа бастамада өтетінін айта кетуіміз керек. Академия ұжымына алғысымыз шексіз! Шын жүректен алғыс айтамыз!

Студия разработки сайтов «IDSGroup»