Академия миссиясы

Категория: Басты мәзір
Қаралды: 2120

Еуразия кеңістігінде сұранысқа ие білікті заңгерлердің, экономистер мен халықаралық құқық мамандарының жаңа сипаттағы кәсіби шеберлерін даярлау.

001

«Біздің академиямыздың биыл 25 жылдық мерейтойын атап өтетіні мені ерекше мақтаныш сезіміне бөлейді. Бұл ширек ғасыр түрлі тосын талаптар мен тама­ша жетістіктерге толы болды. Әйтсе де осы жылдардың бәрінде біз жоғары оқу орнымыздың іргетасы қаланған сәтте өзіміз белгілеген құндылықтар мен мақ­саттарды ешқашан ұмытқан емеспіз. Бұл — біздің білім беру жүйесі стандартта­рының сапасын арттыру, жоғары деңгейлі мамандарды даярлау, сондай-ақ біздің өңіріміздің әрі бүкіл еліміздің әлеуметтік және мәдени дамуына барынша сүбелі үлес қосуға деген сарқылмас ынта-ықылас пен айнымас арман-тілек.

Біздің дамуымыз, біздің дәстүріміз бен өзіміз ұстанатын құндылықтар өзгеріссіз қалатынына, сөйтіп, келесі 25 жылдықта да жалғаса беретініне сенемін».

001

«Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы өткен 25 жылда орасан зор тар жол, тайғақ кешуден өтті. Академия өзіне тән сипаттарымен, дәстүр­лерімен және мықты қырларымен білім беру мекемесіне ретінде дамыды.

Қазіргі таңда біздің оқу орнымыз, оның негізін салушылар о баста айтқан­дай, еліміздегі заң білімінің маягына айналды. Ұлтымыздың мәдениетінің және білімінің дамуына үздіксіз өзіндік үлесін қоса отырып, Академиямыз Орталық Азия аймағындағы жетекші заңи жоғары оқу орындарының қатарына қосылды. Бүгінде Академиямыздың күміс тойын мақтанышпен атап өтеміз және шәкірттеріміз бен жаңа Қазақстанның қалыптасуына сүбелі үлес қосып жүрген түлектерімізді мерейтойымен құттықтаймыз».

АКАДЕМИЯ ПАЙЫМДАУЫ

Еуразиялық экономикалық одақ құру шартына сай білім мен оқыту шекараларын кеңейту, Еуразия кеңістігінде заңгер және халықаралық құқықтық формациядағы кәсіби білікті маман-түлектерді даярлауды қамтамасыз ету және қоғамның адамгершілік, мәдени әрі ғылыми құндылықтарын сақтауға, байытуға ықпал ету.

Студия разработки сайтов «IDSGroup»