Сапа менеджменті

Категория: Басты мәзір
Қаралды: 3100

СМЖ БӨЛІМІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 

Сапа менеджменті жүйесі бөлімі ХС ИСО 9001-2008 және ҚР СТ ИСО 9001-2009 талаптарының негізінде Академия қызметінің негізгі түрлерінің сапасын басқарудың тиімді жүйесін әзірлеу және дамытуға қатыса отырып, сапа кепілдігі мен білім беру жүйесінің айқындылығын қамтамасыз етуде, мемлекеттік аттестация және халықаралық аккредитацияны өтуде маңызды рөл атқарады. 2009 жылдың қарашасында Д.А.Қонаев атындағы Университетте білім беруде Сапа менеджменті жүйесі  (СМЖ) енгізілді. «Русский Регистр» сертификаттау Қауымдастығының Халықаралық сертификаттау жүйесімен бірге жүргізген СМЖ сертификаттау аудитінің қорытындысы бойынша Академияның ХС ИСО 9001-2008 талаптарына сай келетіндігі танылды және Академияға сертификат берілді.

2013 жылдың наурыз айында Д.А.Қонаев атындағы Университетте (2013 ж. Д.А.Қонаев атындағы Гуманитарлық институт ретінде қайта құрылды) ХС ИСО 9001-2008 және ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандарт талаптарына сәйкестігіне ресертификациялық аудит жүргізілді, оның нәтижесінде 29.03.2013 жылы «Русский Регистр» сертификаттау Қауымдастығынан  №009501 стандартқа сәйкестігі туралы сертификат алынды.

2015 жылдың қыркүйек айында Академияда ХС ИСО 9001-2008 және ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандарт талаптарына сәйкестігіне ресертификациялық аудит жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша стандартқа сәйкестігі туралы сертификат берілді.

Сертификат

2020-2023 жылдарға арналған сапа саласындағы саясат

2019-2020 оқу жылына сапа саласындағы мақсаттар

Студия разработки сайтов «IDSGroup»